08 Тамыз, 2013

Дүниенің дерті, өмірдің өрті

310 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қа­лып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады» деп нақтыланған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қа­лып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады» деп нақтыланған.

Біз бұл ұлағаттың ақиқаттығын нақты өмірде көріп қана қоймай төл міндетімізге сай Мемлекет басшысының, орталық органдардың тапсырмаларын дер кезінде мүлтіксіз орындап жүрміз. Негізі қаржы полициясы органдары қызметінің басым бағыттары жүйелі әрі сыбайласқан жемқорлыққа, мемлекет қаражатын жымқыру, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды пайдалану, «көлеңкелі» экономикаға жол ашуға тосқауыл қою, кәсіпкерлік субъектілеріне негізсіз қол сұғушылыққа жол бермеуге, сондай-ақ, азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұл тұрғыда нақты деректерге сүйенсек, ағымдағы жылдың 5 айында 254 қылмыстық іс анықталды. Оның 52-сі сыбайлас жемқорлық, ал 137-сі экономика және қаржы саласындағы заңнаманы бұзушылыққа қатысты болды. Тергеу амалдарын сауатты жүргізу әрекеттерінің нәтижесінде өндірілген зиян көлемі 93 пайызға жеткені дәлелденді, яғни заңсыз жолмен мемлекетке келтірілген зиян көлемі 2,5 млрд.теңге болды. Сыбайласқан жемқорлық сипатындағы қылмыстар саны 52 болса, оның 50 пайызынан артығы ауыр және аса ауыр қылмыстар санатындағы қылмысқа жатады. Осы сала бойынша сотқа 46 іс жолданды. Бүгінгі күнге дейін сол қылмыс салдарынан келтірілген зиянның 97 пайызы өндірілді. 44 азамат сыбайласқан жемқорлық әрекетіндегі қылмыстары бойынша жауапкершілікке тартылды. Жүйелі түрдегі сыбайласқан жемқорлыққа қатысты – 6 факті ашылып, 12 қылмыстық іс бойынша 13 азамат құрықталды. Мысалы, Талғар қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарған Ж.Қасымбаев қызметтік көлігінің жүргізушісі арқылы алдын ала сөз байласып, жеке кәсіпкердің тиімді орнына сау­да павильонын орналастыруына қажетті жер телімін бөлгені үшін 1 млн.теңге пара алу кезінде ұсталды. Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі – экономикалық контрабанда болып тұр. Тізбелей берсек, экономикалық қылмыстардың зияны өрескел. Ағымдағы жылдың бес айында 10 экономикалық контрабандалық қылмыстың жолы кесілді. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 есеге артық. Төленбеген кедендік салық көлемі 585 млн.теңге, рәсімделген тауарлардың құны – 309 млн.теңге болды. Бұл көрсеткіш мемлекеттік органдардың экономикалық контрабанданың жолын кесу шараларын сылбыр жүргізіп жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар, лауазымды тұлғалар да сыбайласқан жемқорлыққа «өзіндік» үлестерін қосуда. Халықтың тұтыну тауарларын экономикалық контрабанда арқылы өткізумен айналысып жүрген «Қорғас» кедендік бақылау бекеті қызметкерлері облыстық қаржы полициясының лауазымды тұлғаларына, осы қылмыстық топқа «қамқорлық» жасап, оң көзбен қарауы үшін 3 500 000 теңге көлемінде пара ұсынған. «Қорғас» кедендік бақылау бекетінің бөлім бастығы Б. және осы бөлімнің бас маманы Т. пара беру кезінде ұсталып, сол күні оларға ҚР ҚК 312-бабы, 5-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды. Бүгінгі күнде тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қауіпсіздігі № 2088 әскери бөлімінің кіші бақылаушысы, взвод командирі, капитан Ф.Сыртаев ҚР Әскери сотының үкімімен ҚР ҚК 209-бабы, 2-тармағы, 380-бабы, 1-тармағы, 312-бабы, 4-тармағы бойынша кеден бақылауы бекеті арқылы тауарды жасырын өткізіп, кедендік төлемдерді төлеуден босатқаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Қылмыскер құрықталған кезінде жауапкершілікке тартылмау үшін қаржы полициясы қызметкерлеріне 5100 АҚШ долларын және 135 мың теңгені пара ретінде ұсынған. Мемлекеттік «Ақбұлақ», «Балапан», «100 мектеп 100 аурухана», «Қол жетімді тұрғын үй -2020» бағдарламаларын іс жүзіне асыру барысында заңсыздықтарға жол берген тұлғаларға қатысты 28 қылмыстық іс қозғалды. Ай­мақ­тың индустрияландыру картасын жүзеге асыруда инвестициялық жобалар шеңберінде мемлекеттік даму институттары арқылы бөлінген қаражаттарды тексеру барысында 4 қылмыстық іс қозғалды. Оны