Еліміздің Жоғарғы соты 2019 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша республика соттарымен кеңейтілген кеңес өткізді. Онда атқарылған жұмыс, жүзеге асырылған бастамалар, келелі өзгерістерге негізделген іс-шаралар туралы айтылды.

Бүгінде Жоғарғы сот Елбасы мен Мемлекет басшысының сот кадрларының, сот актілері мен сот қызметінің сапасын арттыру туралы тапсырмасын орындау барысында біраз іс-шара атқарған. Жоғарғы cот 17 заң жобасын әзірлеп, 9 заң қолданысқа енгізілген. Қазіргі күні кем дегенде 8 заңмен жұмыс жүргізіліп жатыр. Оған қоса бірқатар бастама жүзеге асырылып, олар судьялардың, адвокаттардың, заңгерлер қауымдастығының пікірлеріне негізделген көрінеді. Мәселен, «Сот төрелігінің 7 тасы» шеңберінде сот жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар кешені іске асырылды. Олар тек судьялар үшін ғана емес, адамдар мен бизнес үшін де нәтиже берген. Бұл орайда Жоғарғы сот төрағасы Ж.Асанов: «Көптеген іс-шаралар өткізілді. Енді нәтижелер туралы да айтатын уақыт келді. Біздің күн сайын кездесетін қиындықтарды жұрттың бәрі біле бермейді. Адамдар жылдам өзгерістерді талап етеді. Олар бізде сот төрелігінің дәл қазір мінсіз болғанын қалайды. Бірақ елеулі өзгерістер уақытты талап етеді», деді.
Жоғарғы соттың атқарған жұмысының елеулі нәтижесі деп, ақтау үкімдерінің 2 жыл ішінде көбейгенін айтуға болады. Мәселен, бұл көрсеткіш ауыр қылмыстар бойынша 15 есе, ал аса ауыр қылмыстар бойынша 5 еседен асқан. Сөйтіп қылмыстық қудалауға тартылған азаматтардың құқықтарын судьялардың қорғауы жақсарды. Шағымдардың 42%-дан астамы қанағаттандырылуда. Жалпы, жоғарыдағы аталған заңнамалық новеллалар енгізілгеннен кейін сот жүйесіне оң өзгерістер болғаны анық. Мәселен, сот жюриі жұмысының жаңа форматы туралы Жоғарғы соттың судьясы Ақылтай Қасымов атап өтті. 2019 жылы теріс себептермен 37 судьяны жұмыстан босату ұсынылған. Бұлар – заңсыз сот шешімін қабылдаған, аттестаттаудан өтпеген және судья этикасын бұзған судьялар. Ал сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның төрайымы, Жоғарғы соттың судьясы Лариса Шепелева мұның себептерін әлемдік үздік тәжірибелерді ескере отырып, судьялардың кәсіби сапасын бағалаудың жаңа әдістемесін енгізумен түсіндірді. Егер бұрын олардың аттестаттаудан кемінде 1%-ы өтпесе, енді 10-нан астамы өте алмай отыр.
Сот төрелігі жұмысын жақсарту ісіне байланысты Сот төрелігі академиясының ректоры Зәуреш Баймолдина сот кадрларын даярлаудағы және сот төрелігін жүзеге асыру сапасының төмендігіне жол берген мамандардың біліктілігін арттырудағы негізгі өзгерістермен таныстырды. Ал Жоғарғы соттың судьясы Айгүл Сапарова судьяларға жаңа форматта шешімдер дайындау және оларды тиімді түсіндіру бойынша тренингтер қалай өткізілетінін айтты.
Одан әрі Жақып Асанов «Қазақстанның сот төрелігі: реалиялар, трендтер, перспективалар» жинағын таныстырды. Бұл оқу құралында сот жүйесі туралы өзекті мәліметтер қамтылған. Оның цифрлы нұсқасы әзірленген соң мазмұны нақты уақыт режімінде жаңартылады. Сөйтіп мұның көмегімен сарапшылар, халықаралық институттар, сот қызметтерін тұтынушылар кез келген уақытта сот жүйесінде не болып жатқанымен таныса алады екен. Міне, осы жинақ слайдтарын ақтара отырып, Жоғарғы сот төрағасы оған қысқаша тоқталды. Онда судьялар штатының өзгермеген жағдайында істердің ұдайы өсуі көрсетілген. «2018 жылы соттарға 4,5 млн іс пен материалдар түсті. 2019 жылы бізді 6 млн-нан астам ауқымды жұмыс күтті. Сот төрелігінің сапасын арттыру туралы сөз бола да алмады. Өткен жылы қабылданған заңдардың арқасында жағдай өзгерді», деді ол. Жалпы, бұл жинақ кадрдағы, сот құрылысы мен сот ісін жүргізудегі, заманауи ІТ-технологиялардағы, «Сот төрелігінің 7 тасы» өзгерістер бағдарламасын жүзеге асырудағы бірнеше жыл ішіндегі өзгерістердің динамикасын көрсетеді.
Одан әрі Жақып Асанов 2020 жылға арналған міндеттерді белгіледі. Олардың қатарында сот төрелігінің сапасын мониторингілеу бойынша IT-өнімді енгізу, судьялар штатын ұлғайтпай, арнайы соттар құру, қылмыстық істер бойынша кассацияға қолжетімділікті кеңейту, апелляцияның рөлі мен жауапкершілігін арттыру көзделген. Ол сонымен қатар қоғаммен тиімді кері байланыс құру қажеттілігін атап өтіп, 2020 жылды коммуникация сапасының жылы деп жариялады.
Кеңес жұмысына Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев, Парламент депутаттары Нұрлан Әбдіров пен Владимир Волков, Жоғары сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов, Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, «Атамекен» ҰКП, адвокатура мен нотариат басшылары қатысты.
Руханият • Кеше
Демографиялық дүмпу: Себеп не, болжам қандай?
Қоғам • Кеше
Синтетикалық есірткі таратқан алты дүкеннің жолы кесілді
Аймақтар • Кеше
QR-төлемдер ХҚКО-дағы кезек санын азайта ма?
Бағдарламалар • Кеше
Оқиға • Кеше
Жаңа Зеландияда Қазақстанның консулдығы ашылды
Оқиға • Кеше
Коронавирустың жаңа түрі анықталды
Әлем • Кеше
Қазақстанның 8 облысында ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
ҚТЖ жұмысшыларының жемқорлығы үшін басшылығы жауапқа тартылды
Қазақстан • Кеше
Біржолғы зейнетақы төлемі пайдаланылмаса не болады?
Экономика • Кеше
Таразда танымал түлектердің кездесуі өтті
Аймақтар • Кеше
Атырауда жолда қалған 63 адам құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында 169 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Француз бизнесі алматылықтармен ынтымақтастықты жандандыруға ниетті
Қазақстан • Кеше
Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуға көмектесті
Аймақтар • Кеше
Атырауда 477 мың теңгенің мүлкін ұрлағандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады
Елбасы • Кеше
Ақмолада «Екатеринбург-Алматы» тас жолы ашылды
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда жылу жүйесі қатып қалды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда жаңа кен орны табылды
Экономика • Кеше
Спорт • Кеше
Павлодарда ер адамды пойыз басып кетті
Аймақтар • Кеше
Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіне - 25 жыл
Экология • Кеше
Ел қорғаған ердің есімі жаңғырды
Руханият • Кеше
Қоғам • Кеше
2020 жылы қанша мүгедек жан жұмыс тапты?
Қоғам • Кеше
«Сасыған сай» бойынша экологиялық мәселе осы жазда шешіледі
Экология • Кеше
Қарт адамдардың өмір сүру сапасын қалай арттырамыз?
Қоғам • Кеше
Сенаторлар ұлттық мүддені қорғау туралы түзетуді қабылдады
Парламент • Кеше
2021 жылы көлік сатылымы былтырдан да асып түсе ме?
Экономика • Кеше
Екібастұзда қар құрсауында қалған 9 адам құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда шығармашыл жастарды қолдау қоры ашылды
Руханият • Кеше
Мемлекет берген қаржыға бизнес бастап кетуге бола ма?
Экономика • Кеше
Бүгін елордада мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар