Руханият • 06 Ақпан, 2020

Еріктілер жылы Шымкент қаласында қолдау тауып жатыр

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еріктілер жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған #БізБіргеміз челленджі Түркістан облысы және Шымкент қаласында қолдау тауып жатыр.

Еріктілер жылы Шымкент қаласында қолдау тауып жатыр

Облыстық, қалалық кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері «Келешек» жастар кеңесінің белсенді мүшелерімен «Бейбітшілік үшін алғыс» акциясынын өткізді.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орайластырылған акция аясында белсенді жастар Кеңес Одағының 51 Батыры мен Даңқ орденінің 8 иегерінің есімі жазылған «Даңқ» мемориалын тазалады. Жастар гранит қабырғасы және 140 000 мыңнан астам соғыс ардагерінің есімі жазылған тақтайшаларға гүл шоқтарын қойып шықты.

Бұдан кейін акцияға қатысушылар челленджі Батыс Қазақстан облыстық «Келешек жастар» кеңесіне жолдады.