Технология • 11 Ақпан, 2020

Артур ван Дизен: Цифрландыру ісінде бағытымыз бір

132 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Таяуда Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Артур ван Дизен ЮНИСЕФ пен ел Үкіметінің инновациялар мен цифрландыруды енгі­зу бойынша бірлескен жұмыстары туралы айтып берді. ЮНИСЕФ пен Қазақстан Үкіметінің ын­тымақ­тас­тығының маңызды бағыттарының бірі – бала­лардың құқықтарын қорғау ісіне инновацияларды енгізу.

Артур ван Дизен: Цифрландыру ісінде бағытымыз бір

– Бала құқығын қорғауды жүзеге асыруда Қазақстан Үкі­­метімен арадағы нәти­же­лі серіктестігіміз көп­тен­­ жал­ғасып келеді. Біз­дің бірлігіміздің негізгі си­пат­­тарының бірі – ин­нов­ация. Сондықтан біздің түр­­лі инно­вациялармен жұ­мыс істеуі­міз бен оның бала­лар­­дың құқықтарын қам­тамасыз етудегі тиімділі­гін зерделеуіміз ұзақ уақыт­тан бері жүргізіліп келеді, – деді А. ван Дизен.

ЮНИСЕФ өкілі сонымен қатар Қазақстанда GIGA бас­тамасын іске асыру бойынша ЮНИСЕФ-тің аймақтық хабын ашу мүмкіндігін атап айтты, ол орта білім беретін мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге және инновациялық стартаптарды дамытуға бағытталады. Бұл туралы ол:

– Қазір цифрлы байланыс саласында тағы бір инно­ва­цияны енгізу үшін бас кеңе­сімізбен жұмыс істе­генімізге қуаныштымыз. Біз­дің көзқара­сымыз тұрғы­сынан қарасақ, интернетке толық қол жеткіз­бейінше жас­тардың жұмыс істеуге, осы елдің азаматы ре­тінде, бола­шақ ата-ана ре­тінде қа­лыптасуға дайын болу мүм­кін емес. Сондықтан Қа­зақстандағы және аймақ­тардағы әрбір мектепке интернет тарату үшін жергілікті Үкіметпен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Біз жас­тарға сапалы білім алуға көмектесе аламыз. Демек, олар­дың ең­бекке орналасу мүм­кіндігі артады, өздері үшін нәти­желі болашақ құра алады деп санаймыз, – деді.

Сонымен қатар А. ван Ди­зен еліміздің шалғай аудан­дарында небәрі бірне­ше оқу­шы білім алатын кіш­кентай мек­тептер бар екенін, олар үшін сапалы білім алу интер­нетпен тығыз байланысты еке­нін айтты. Олар үшін бұл бай­ланыс құралы ғана емес, оқу құралының да рөлін атқа­ра­ды.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан цифрлы трансформа­ция­ға қатысты ЮНИСЕФ өкі­лі елде үлкен ілгерілеу бол­ды, мақсатқа қол жеткізу үшін бірнеше қадамдар ғана қал­ды деп санайды.

– Меніңше, Қазақстанның интернетпен толық қамты­луына шын мәнінде аз уа­қыт қалды. Өйткені зор іл­ге­рілеу бар. Біз қазір жер­гі­лікті Үкіметпен жекемен­шік сектордың, интернет про­вай­дерлердің, қаржы сек­торының «байланыстағы соңғы ол­қы­лықтар» (the last mile connectivity gap) деп аталатын проб­леманы ше­шу төңірегінде жұмыс ат­қарудамыз, 100 пайыз­ға қол жеткізбес осы проб­леманы шешуіміз керек. Менің ойым­ша, егер бірлесіп күш салсақ, жекеменшік және мем­лекеттік серіктестердің жа­қын­дасуында креативті және инноватор бола алсақ, біз бұл кем­шілік­ті жоя аламыз, – деді А. ван Дизен.

Мұндай нәтижелерге Қазақ­стан Үкіметінің цифр­ландыру және инновацияларды енгізу бойынша дұ­рыс құ­рыл­ған жұмысының нә­тижесінде қол жеткізілді.