Штабтың міндеті күтілетін су тасқыны деңгейін анықтау және су тасқынын болдырмау бойынша шаралар қабылдау. Сонымен қатар өзен арналарын, нөсерлі кәріздерді бақылап, тиісті түрде ұстау. «Су тасқыны қаупін азайту мақсатында қосымша көмек ретінде қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Әлеуметтік нысандар мен жеке секторды қардан тазартуға ерекше көңіл бөлінеді. Дамбалар мен құрылыстардың жұмысын бақылауда ұстау қажет. Қысқы кезеңдегі жауын-шашынның мөлшері рекордтық, 3 боран болды. Алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Ақпан мен наурыз айларында қаланың коммуналдық қызметтері күндіз-түні жұмыс атқарады», деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
«Қазгидромет» РМК гидрометорталығының директоры Марина Шмидттің айтуынша, 9 ақпанда жауын – шашынның айлық нормасы түсті (бір айдағы нормасы 15 мм болса, ақпанда 13 мм болды). Ақпан айының бірінші он күні 20 мм жауын-шашын түсті. Ақпан айында да жауын-шашын болады, 9 ақпанда қардан соң жаңбыр жауды.
Қысқы кезеңде 3,5 млн текше метрге жуық қар шығарылды (280 мың рейс), бұл өткен қыстың осындай кезеңіне қарағанда 50% - ға артық. Камаздар күніне 2,5 мың рейс жасайды. Күн сайын қаланы қардан 2 мың бірлік техника мен 1,5 мыңнан астам жол жұмысшылары тазалайды. Боран және қалың қар жауған кезде қосымша арнайы техника қаланы қардан тазалауға шығады.
Қыс мезгілінің басынан бастап қарды уақытылы тазаламағаны үшін 100-ден астам қызмет көрсететін ұйымдар (ПИК, ДК, ЖШС) 4 млн 300 мың теңге сомасына, сондай-ақ 260 елордалық шағын және орта бизнес объектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жұмысты дұрыс атқармағаны үшін әкімдік 10 мердігер ұйыммен жұмыс жасауды тоқтатты.