Елшілік шығарылған пошта маркаларын күнделікті іскерлік хат алмасуда қолданады және естелік маркаларды болу елінде тарату жөнінде келіссөздер жүргізуде.
Швейцарияда бірнеше рет халықаралық филателиялық көрмелер өтіп, бұл мемлекеттің поштасы мен пошта маркалары – елдің басты брендтерінің бірі. SwissPost маркалары коллекционер мен туристер арасында өте танымал? Ал бұл компанияның хат айналымы жылына 2 млрд. хатқа дейін жетеді.
Швейцарияда заманауи цифрлық технологиялар мен электрондық қызметтердің жоғары дамуына қарамастан, пошта ең танымал байланыс ресурстарының бірі болып табылады. Бұл тек елдің азаматтары мен тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар компаниялар, халықаралық ұйымдар, федералды, кантондық және муниципалды органдарға да қатысты.