Қабылдауға барлық азаматтар жазыла алды. 90-нан астам адам қабылданды. Көтерілген негізгі мәселелер: жұмысқа тұру, әлеуметтік көмек алу, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, үлестік құрылыс нысандарының құрылысы, тұрғый үй коммуналдық шаруашылығының жұмысы, апатты және ескі үйлерді сүру және тағы басқа.
Қала әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдау - мәселені нақты шешуге жол бастайтындығын, алайда жүйелі шаралар қабылдау қажет екендігін атап өтті.
«Тұрғын үй кезегінде 48 мың адам тұр. Баспана тек кезек тәртібімен беріледі. Заң аясында көмек көрсетеміз, жүйелі шаралар қабылдаймыз, демеушілерді тартамыз», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
Қабылдау барысында қала тұрғындары әкімдікке атқарылған жұмыстар мен бірқатар шешілген мәселелер үшін алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар «Астана» концерт залының холлында әкімдік басқармаларының басшылары, әкімнің орынбасарлары, аудан әкімдері азаматтарды қабылдады. Сұрақтардың бір бөлігі сол жерде шешілсе, қалғандары жұмысқа алынды.