Аймақтар • 14 Ақпан, 2020

Жаңа форматтағы мамандар әзірлейді

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесіне әділ бәсеке негізінде оған әбден лайықты білімді де білікті азаматтардың келуі керек екендігін атап көрсеткені мәлім. Мемлекет басшысының пайымдауынша, кадрлерді іріктеу мен орналастырудың бұдан өзге бағыты болмауға тиіс. Өз кезегінде бұл ұстаным бәсекеге қабілетті, сапалық деңгейі жоғары мамандарды даярлау қажеттілігін туғызады.

Жаңа форматтағы мамандар әзірлейді

Осы орайда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде жаңа форматтағы мамандар мен кадрлер әзірлеу ісі қолға алынған. Бұған Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті бастамашы болып отыр. Сөйтіп аталған жоғары оқу орнында «Менеджмент» мамандығы аясында HR менеджерлерін оқыту траекториясы белгіленген. Бұл жөнінде экономика және менеджмент кафедрасының меңгерушісі Айгүл Құрманалина өз ой-пікірін төмендегіше түйіндеді.

-Болашақ мамандарды жаңа форматтар деңгейіне сай әзірлеу үрдісі «Адам ресурстарын басқару» деп аталған жаңа тұрпатағы оқыту бағдарламасына негізделеген . Соған сәйкес, биылғы жылдан бастап аталған мамандықты игеруге ынта-бейімі бар талапкерлерді сыннан өткізуді ойластырып отырмыз.

Оның тұжырымынан тағы бір көңілге түйген жайт – аталған оқу бағдарламасы студенттерді персоналды қызметке бейімдеу бағыттарына басымдық бермек. Жаңа істің басы-қасында жүргендер оның өзегіне бүгінгі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын толық әрі жан-жақты меңгерген, мансаптық өсу мен басқара білу ісінде өз бойындағы көшбасшылық қасиеттерін таныта білген мамандар әзірлеу ерекшеліктері тән екенін мәлімдеп отыр.

 

АҚТӨБЕ