Қоғам • 17 Ақпан, 2020

Қаржы пирамидасының қармағы

627 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласында жеке бір адам емес, тұтастай компанияның қи­тұр­қы әрекеттерге барғаны мәлім болды. Атап айтқанда «Gold» деп аталған компанияның қос бірдей өкілі – Ресей азаматтары Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексінің 217-бабына сәйкес жауапқа тартылды.

Қаржы пирамидасының қармағы

Оларға жалған қаржылық пирамида қызметін жүргізді деген айып тағылып, екі ай мерзімге қамауға алынған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл жөнінде БАҚ өкілдеріне Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Самат Аисов хабарлады. Оның айтуынша, аталған компа­нияның бас кеңсесі Алматы қала­сында орналасқан. Оны құру­шы Черняев есімді Ресей Федера­ция­сының азаматы көрінеді.

Әйтсе де ол өмірде нақты бар адам ба, әлде оның лақап аты ма, бұл жағы әзірге белгісіз. Мә­се­­­ле­нің ақ-қарасы тиісті тер­геу мен тек­серу амалдары­нан ке­йін бел­гі­лі болмақ. Қазір қазақ­стан­дық іш­кі істер құрылымы Чер­няев­тің жеке тұлға ретіндегі дере­гі мен түпкілікті мекен-жайын анық­­тау үшін көрші мемлекетке халық­ара­лық қатынас қағазын жолдаған.

Ал әзірге барлық келісім­шарт­тар мен квитанцияларда және кіріс-кассалық құжаттарда бұл азаматтың көшірме қолы тұр екен. Яғни ол нақты түрде еш уақытта ештеңеге қол қой­маған. Сонымен бірге компа­ния­ның Ақтөбе қаласында қамау­ға алын­ған кеңесшісі мен басқару­шы­сын­ың да қол қоюға құқылары бол­мапты. Алаяқ компания аз уақытың ішінде еліміздің алты қала­сында өз кеңселерін ашып, тұр­ғындардың қомақты қаражат­тарын қымқырғанға ұқсайды. Сол аймақтағы жергілікті құқық қорғау органдары бұл жөнінде тергеу жұмыстарын жүргізе бас­тағаны белгілі болып отыр.

Мәселенің мәнісіне келсек, «Gold»  компаниясының Ақтөбедегі өкілдігі 2019 жылғы желтоқсан айының басында ашылып, әлеуметтік желілерде ашық және белсенді түрде жарнама жүргізе бастапты. Олар ел-жұртқа бір айдың ішінде 40-50 пайыз мөл­шерінде үстемеақы беруге уәде еткен. Жалған сөзге сеніп қалғандар аз емес. Бұл орайда ең төменгі бастапқы салым мөлшері 300 мың теңге болса, ең жоғары көлемі 7 млн теңгеге дейін барған. Бұған дейінгі жасалған сараптаулар алдамшы компания құрбандарының басым бөлігі жастар мен зейнеткерлер екенін көрсетеді.

Алдын ала жасалған мәлімет­терге қарағанда қаржы пирамидасы құрбандарының саны – 10 мың мен 15 мың аралығында екенін есеп­­ке алсақ, тұрғындардың зая кет­іп, желге шашылған қаража­ты­­ның көлемі бұдан әрі аспандап кете беретіні айтпаса да түсінікті емес пе?!

Тағы бір айтары, Ақтөбеде атал­­ған фирманың әділет орган­дарына тіркелгені жөніндегі құ­жат­тары да жоқ екен. Тек жо­ғары­да аталған екеу ғимаратты жалға алып, өздерінің арбауы мен алдауына сеніп қалған тұрғын­дардан ақша жинауды әдетке айналдарған. Олар бухгалтерлік есеп жүргізу ісін де қажет деп таппаған. Ақшаны қабылдап алу мен беру және кері қайтару жөніндегі актілерді де белдерінен бір-ақ басқан. «Gold» қаржы аудару тәртібін мүлдем ысырып тастап, тек қолма-қол ақшамен жұмыс істепті. Сондықтан да бұл мәселеге қатысты құжаттар  тек салымшылардың аты-жөндері мен сома мөлшері жазылған күйінде ғана болып отыр. Тіпті ақша қабылдайтын кассирлермен де еңбек шарты жасалмапты.

Бүгінгі уақытта Ақтөбе облыс­тық ішкі істер департаментіне бұл мәселе бойынша арызданған тұрғындар саны аз емес.

Бір қызығы, әлеуметтік желі­лер мен уатсап мессенджері ар­қы­лы ел-жұрттан жиналған қара­жат­­тың қайтарылып беріле­тіні жөніндегі мәлімдемелер де тара­тылып жатыр. Соны малданып, істі болған екеуді бостандыққа шығару керек шығар деген ойға беріліп жүрген тұрғындар да жоқ емес. Мұндай жалған мәлім­де­ме­лер мен уәделерге сену­дің қажеті жоқ дейді Ақтөбе облыс­тық Полиция департаменті бас­шы­сының орынбасары Самат Аисов.

 

АҚТӨБЕ