Олжас Әлібеков 1984 жылы Қарағанды облысында туған. 2007 жылы Қазақ-Британ техникалық университетін «Есептік техникамен желілік багдарламалар және аппараттық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша тәмамдаса, 2010 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін "Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы «СЕЕ Автоматика» ЖШС автоматтандыру жөніндегі инженері болып бастаған. 2010 жылы «ҚазақЭнергоСараптама» АҚ орталық аппаратының стратегиялық талдау басқармасының менеджері болып жұмыс істей бастады, кейіннен энергия үнемдеу және энергия тиімділігі департаментінің директоры қызметіне тағайындалды. 2014-2017 жылдары Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру басқармасының басшысы лауазымында еңбек етті.
2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.