Қайрат Рахымов 1985 жылы Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келген.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Сеул ұлттық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы Қарағанды қаласында «Қарағанды-Жарық» ЖШС-да электромонтер болып бастаған.
2007-2015 жылдары Энергетика министрлігінде және Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы лауазымдарын атқарған.
2015-2018 жылдары — Энергетика министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары.
2018 жылғы шілдеден бастап қазіргі таңға дейін Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаментінің директоры қызметін атқарды.