Спорт • 21 Ақпан, 2020

Қанат Ислам WBO рейтингінің үздік үштігіне кірді

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингінде бір сатыға жоғарылады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Қанат Ислам WBO рейтингінің үздік үштігіне кірді

Рангтер туралы кестенің жаңа шығарылымында жартылай орта салмақтағы WBO International атағының иегері мексикалық Хайме Мунгиядан (35-0, 28 КО) және британдық Лиам Уильямстен (22-2-1, 17 КО) кейін үшінші орынға тұрақтады. Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын АҚШ өкілі Деметриус Андраде (29-0, 18 КО) жеңіп алды.

Еске сала кетейік, Қанат Ислам бүгінге дейін өзінің соңғы айқасын 26 қазанда Алматы қаласында намибиялық Уолтер Каутондоквуға қарсы өткізген болатын. Онда ол төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.