Қазақстан • 21 Ақпан, 2020

Республикалық тас жолдардың 17 учаскесінде жол қозғалысы шектелді

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның алты облысындағы республикалық тас жолдардың 17 учаскесінде жол қозғалысы шектелді. Бұл туралы «Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Республикалық тас жолдардың 17 учаскесінде жол қозғалысы шектелді

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты 1796 шақырымға созылатын 17 жол учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, бұл еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдардың 7,2%-ын құрайды», - деп хабарлады  Ұлттық компания баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.

Ол атап өткендей, жалпы республика бойынша 790 бірлік техника жұмыс жасап жатыр.

Келесі жол учаскелерінде жол жабық:

1. Нұр-Сұлтан-Щучинск, км 18-231
2. Екатеринбург-Алматы, км 856-917, СҚО-Жақсы.
3. Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті, км 16-235, Нұр-Сұлтан–Шідерті
4. Щучинск-Зеренді, км. 0-80, Щучинск–Зеренді
5. Екатеринбург-Алматы, км 1006-1247, Атбасар-Нұр-Сұлтан
6. Өскемен-Шемонаиха-РФ, км 105-123, Шемонаиха-РФ
7. Қызылорда-Павлодар, км 1066-1135, Молодежный-Павлодар обл.
8. Екатеринбург-Алматы, км 686-729, Сарыкөл-СҚО
9. Қызылорда-Павлодар, км 1135-1208, Қарағанды обл.-Шідерті
10. Қызылорда-Павлодар, км 1208-1251, Шідерті-Екібастұз.
11. Екатеринбург-Алматы, км 729-856, Қостанай обл.-Ақмола обл.
12. Жезқазған-Петропавл, км 595-701, Ақмола обл–Новоишимка.
13. Жезқазған-Петропавл, км 701-795, Новоишимка-Сергеевка.
14. Волошинка-Сергеевка-Тимирязево, км 75-119.
15. Тимирязево-Сарыкөл-Қостанай облысы, км 0-31, Тимирязево-Қостанай обл.
16. Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Кирово-Қиялы-Рощенское, км 0-228, Булаево-Рощенское.
17. Алматы-Өскемен, км 971-1068 (Қалбатау-Қасым Қайсенов)