Қазақстан • 21 Ақпан, 2020

FlyArystan: Петропавлдан Алматыға әуе рейсі ашылды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

FlyArystan Петропавлдан Алматыға әуе рейсін ашты. Екі қала арасындағы біржақты байланыс құны 10 мың теңгеден басталады.

FlyArystan: Петропавлдан Алматыға әуе рейсі ашылды

FlyArystan-ның ұшу кестесіне Петропавл қаласы қосылды. Алматыға алғашқы әуе рейсі 13 наурыз күні жасалады деп жоспарланып отыр. Петропавлдан ұшақ аптасына төрт рет: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі күндері ұшатын болады. 

«Билеттің бағасы 10 мың теңгеден басталады. Бағасы арзан болуы үшін бірер ай бұрын сатып алу қажет. Сондай-ақ баға неғұрлым арзан болса – соғұрлым ереже қатаң. Мысалы арзан билет алсаңыз, өзіңізбен бірге тек 5 келіге дейін жүк ала аласыз. Тағы бір ескертетін жайт, билетті делдалдарсыз компанияның сайтынан алған тиімді», - деді FlyArystan әуе компаниясының маркетинг және сатылымдар бойынша директоры Жанар Жайлауова.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше