«Орталық ең алдымен осындағы ат төбеліндей аз қазаққа ана тілін үйретуді мақсат тұтты. Тіл болмаған соң, мұнда ұлттық дәстүр-салтымыздың сақталуы да мақтанарлық деп айта алмаймын. Енді жастарға халқымыздың салт-дәстүрлері, тарихы туралы осы орталықта айтатын боламыз», дейді Әлия Нұғманова.
Орталық Қазақстанмен байланысты, атамекенмен туристік қарым-қатынас орнатуға мұрындық болуды ойластырып отыр. «Жәдігер» орталығында Ұлы Отан соғысына қатысқан ресейлік қазақтар туралы да материалдар қойылған. Бұл Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған, сонымен қатар жастардың бойында ұлттық сезімінің оянуына да септігі болады деген ойдан туындапты.