Бұл күндері Петра Мартич әлемдік рейтингте 15 орында тұр. 29 жастағы Сплин қаласының тумасы былтыр Уимблдон мен АҚШ-тың ашық біріншілігінде төртінші айналымға дейін жетіп, Ролан Гарростың ширек финалында өнер көрсетті. WTA турнирінде бір мәрте топ жарды. Дубайдағы додада Мартич тайпейлік Сэ Шувэй, чехиялық Барбора Стрыцова және эстониялық Аннет Контавейт сынды ойыншаларды ұтты.
Әлемдік рейтингте 19 орында тұрған Елена Рыбакина бұған дейін америкалық София Кенин және Чехияның қос мықтысы – Катерина Синякова мен Каролина Плишкованы жолынан ығыстырды. Енді жартылай финалда жеңіске жететін болса, онда жерлесіміз үздіктер тізімінде 17 орынға көтеріледі.
Ал келесі жартылай финалдық сайыста румыниялық Симона Халеп пен америкалық Дженнифер Брэди шеберлік байқасады. WTA рейтингінде Халеп екінші орында тұрса, Брэди 52 сатыға жайғасты.