Қазақстан • 21 Ақпан, 2020

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-23 ақпан күндері республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын, жаңбыр, сулы қар, тұман, көктайғақ және екпінді жел тұрады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның орталығы мен шығысында оңтүстік циклоннан қар жауады, жексенбі күні кей жерлерде боран соғып, екпіні қатты жел тұрады.

Циклонның артынан Поволжья аудандарынан антициклон ығысады, ол жауын-шашын мен аздаған суытуды тоқтатады. Ауа температурасы төмендесе де, ол әлі де орташа көпжылдық мәндерден 3...6°С жоғары болады.