Экономика • 21 Ақпан, 2020

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Бангкокта таныстырылды

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан Елшісі Раушан Есбулатова Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы сусындардың ірі өндірушісі мен жеткізушісі болып табылатын «Boon Rawd Brewery Co. Ltd» таиландтық компаниясының басшылығымен кездесті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Бангкокта таныстырылды

Кездесу барысында Р.Есбулатова инвестициялық мәселелерге тоқтала келе, Елшілік қазақстандық серіктестермен қарым-қатынасты орнатуда қол ұшын беруге дайын екендігін жеткезе отырып, инвестициялық жобаларды іске асыруда шетелдік қатысушылар үшін ҚР Үкіметі тарапынан қабылданған шаралар мен жасалып отырған жағдайлар айтып өтті.

Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп саласындағы арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар аясындағы мүмкіндіктер таныстырылды.

Сонымен қатар Ғаламдық қатынастар бөлімінің директоры және менеджері П.Пхорнпхибун мен Р.Киттачароенчай, сондай-ақ Халықаралық бизнесті дамыту жөніндегі аға менеджер С.Анучатибуд секілді таиландтық брендтің жетекшілері, Қазақстан нарығын жан-жақты зерттей отырып, қазақстандық әлеуетті серіктестермен кездесу үшін Қазақстанға бизнес миссиямен келуге шақырылды. Тараптар бұл болашақта жасалуы мүмкін коммерциялық өзара іс-қимылдың алғашқы қадамы екеніне  сенім білдірді.