14 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (монополияға қарсы агенттік) бұйрығы№140-НҚ

331 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

2013 жылғы 28 мамырАстана қаласы

Монополиялық жоғары бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы

 

2013 жылғы 28 мамырАстана қаласы

Монополиялық жоғары бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы

«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 16) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Монополиялық жоғары бағаны анықтау жөніндегі әдістеме бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – Агенттік) Тергеу департаменті (Ә.Н. Хатиев) мен Агенттіктің Заң қызметі департаменті (А.М. Қанапин) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Агенттіктің Әкімшілік департаменті (Қ.М. Қалдықараев) осы бұйрықты Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының орынбасары Ә.Б. Мәтішевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Төраға           Б.ҚУАНДЫҚОВ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі

(Монополияға қарсы агенттік) төрағасының

2013 жылғы 28 мамырдағы № 140 – НҚ бұйрығымен бекітілген

Монополиялық жоғары бағаны анықтау жөніндегі әдістеме

1. Монополиялық жоғары бағаны анықтау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-бабының 16) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

Осы Әдістеменің мақсаты тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі (бұдан әрі – Субъект) белгілейтін монополиялық жоғары бағаны анықтау тәртібін айқындау болып табылады.

2. Осы Әдістеме монополиялық жоғары бағаны белгілеуден көрінетін үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы анықталған кезде қолданылады.

3. Осы Әдістемеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңдарында анықталатын мағыналарда пайдаланылады.

4.Монополиялық жоғары бағаны белгілеу туралы мәліметтерді қарау шеңберінде монополияға қарсы орган мынадай іс-әрекеттерді жүргізеді:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауар нарығында бағаларды мемлекеттік реттеудің болу фактісін белгілейді;

2)Заңда көзделген тәртiппен енгiзiлетiн, бәсекелестiк нарықта қандай да бiр тауарды өндiруге, өткiзуге немесе сатып алуға арналған мемлекеттiң айрықша құқығы болу фактісін белгілейді (мемлекеттiк монополия);

3) нарық субъектісінің Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) болу фактісін куәлан дырады;

4) Тізілімге енгізілген нарық субъектісінің үстем үлесін белгілейді.

5. Осы Әдістеменің 4-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген талаптардың біреуі белгіленбеген жағдайда, монополиялық жоғары бағаны белгілеу туралы тергеу жүргізілмейді.

6. Монополияға қарсы орган тауар нарығына талдау жүргізгеннен және Субъектіні Тізілімге енгізгеннен кейін, нарық субъектiсiнiң, монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық белгiлерiнiң болуын көрсететiн нақты деректер болған жағдайда Заңда белгіленген тәртіппен тергеу жүргізеді.

7. Монополияға қарсы орган монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық белгiлерiнiң болуын нақты деректер аңықтау мақсатында мынадай:

1) Субъектінің осы бойынша Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауар бағасының тиісті және салыстырмалы тауар нарығында басқа нарық субъектілерінің осындай тауар бағасынан асып түсуін белгілеу;

2) тиісті немесе салыстырмалы тауар нарығында бағаның өсуінің тиісті қарқындарымен салыстырғанда ол бойынша Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауар бағасының өсу қарқынының асып түсу;

3) физикалық сипатын (мысалы, тауар бірлігінің салмағын) төмендету арқылы осы бойынша Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауар бағасының көтерілу;

4) өндіру және беру мүмкіндігі болған кезде тұтынушылардың сұранысы немесе тапсырыстары бар тауарларды өндіру және (немесе) беру көлемін негізсіз қысқарту немесе өндіруді және (немесе) беруді тоқтату;

8. Үстем үлесі 90 пайыз және одан астам субъектілер үшін монополияға қарсы орган қосымша монополиялық жоғары бағаның мынадай:

1) Субъектінің тауары бірлігінің өндірістік өзіндік құнының өсімінен кезең шығыстары өсімінің асып түсуі;

2) Субъектінің өндірістік персоналы жалақысының өсу қарқынымен салыстырғанда әкімшілік персонал жалақысының өсу қарқынының ұлғаюы;

3) Субъектіде сала немесе өңір бойынша орташа айлық жалақыдан орташа айлық жалақы деңгейінің асып түсуі белгілерін анықтау мақсатында тауарды өндірудің (өткізудің) өзіндік құнына және рентабельділігіне талдау жүргізеді.

9. Нарық субъектiсiнiң, монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық белгiлерiнiң болуын көрсететiн нақты деректер болған жағдайда монополияға қарсы орган тергеу жүргiзу туралы бұйрық шығарады.

10. Тергеу жүргізу кезінде Субъектінің монополиялық жоғары бағаны белгілеу жөніндегі іс-әрекеттерін растайтын фактілердің болуын белгілеу қажет.

11. Егер субъектінің үстем үлесі 90 және одан астам пайызды құраған, сондай-ақ салыстырмалы тауар нарығы болмаған жағдайда монополиялық жоғары бағаны айқындау Әдістеменің 15-тармағына сәйкес жүргізіледі.

12. Салыстырмалы тауар нарығын анықтау мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырылады:

1) сатылатын тауардың көлемі;

2) тауарды сатып алушылар немесе сатушылар (берушілер) құрамы;

3) тауар нарығына қолжетімділік шарттары;

4) өндіру және салық салу шарттары;

5) бәсекелестіктің даму деңгейі.

13. Монополияға қарсы орган тиісті тауар нарығындағы тауардың бәсекелес бағасын айқындайды.

Бұл ретте бәсекелестік жағдайда Субъектімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектілері белгілейтін, осы тауар нарығындағы тауардың ең жоғары бағасы тауардың бәсекелес бағасы болып табылады. Бұл ретте, Заңның 6-бабының 2) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес келетін нарық субъектілерін ескеру қажет.

Нақ сол тауар нарығындағы бәсекелес бағаны белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, салыстырмалы тауар нарығындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі салыстырмалы тауар нарығындағы тауар бағасымен салыстыру жүргізіледі.

Бәсекелес ба