Экономика • 25 Ақпан, 2020

Жұмыртқаның экспортын көбейтіп көрсету кімге тиімді?

137 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Таяуда Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында 2019 жылғы атқарылған жұмыс қорытындыланып, алдағы жоспар бекітілді. Соған сәйкес, ауыл шаруашылығына берілетін мемлекеттік көмекті қайта қарамақ. Әсіресе, 2020 жылдан бастап жұмыртқан өндірісін субсидиялаудан бас тарту жоспарланған.

Жұмыртқаның экспортын көбейтіп көрсету кімге тиімді?

Министрліктің дәйегі қарапайым – сала өнімді молынан өндіре бастады. Нәтижесінде былтыр ішкі нарықты қамтып қоймай, 1,4 млрд дана жұмыртқаны экспортұа шығарған. Демек, субсидияға қажеттілік болмау керек.

Жұмыртқа өндірушілер мұнымен келіспейді. Көрсетілген сан олар үшін жаңалық болғаны анық. Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының дерегінше, 2019 жылғы жұмыртқа экспорты үш есе аз – 500 млн дана.


«Ауыл шаруашылығы министрлігі экспортқа 1,4 миллиард жұмыртқа жіберілгенін айтты. Бұл сан шындыққа жанаспайды.  Бұл – Статистика комитетінен алынған сан. Бұған күмән бар. Біз барлық құс фабрикаларынан деректер сұраттық. Өткен жылы экспортқа тек 500 миллион жұмыртқа кеткенін ресми түрде мәлімдеймін. Яғни жаңа айтылған саннан үш есе аз», деді қауымдастық басшысы Максим Божко.

Өндіріске қатысты деректерге де күмән бар. Ауыл шаруашылығы министрлігі елде шамамен 1,2 миллиард жұмыртқа жеке қосалқы шаруашылықта өндірілетінін көрсеткен. Алайда санақтың қалай жүргізілгені белгісіз. Сондықтан бұл сандардың қайдан шыққаны белгісіз.

Статистикалық деректердің қателігі салдарынан жұмыртқа өндіруші кәсіпорындар тығырыққа тірелді.  Қағаз жүзінде бәрі жақсы, бірақ іс жүзіне келгенде олар көмексіз жұмыс істей алмайды.

«Біз жұмыртқа өндірісінде бәрі жақсы дейміз, бірақ тиімділік туралы сұрап жатқан ешкім жоқ.  Құс шаруашылығын қолдау қажет пе? Ауыл шаруашылығы министрлігі сырттай шешім қабылдайды.  Мен ресми түрде мәлімдеймін: мемлекет қолдауынсыз біздің бизнесіміз тиімді емес. Олар біздің тікелей субсидиялаудың орнына жеңілдетілген несие алғанымызды айтты.  Жалпы жұмыртқа өндірісінде ешқандай инвестициялық субсидиялар жоқ, жеңілдетілген несиелер де болмаған, барлық жерде тыйым салынған.  Оған себеп, біз артық өндіріске қол жеткізіппіз-мыс.  Біз екі жыл болды Қытай нарығына экспортты сұрадық. Барлығы - Қытайға өнім экспорттау жұмыстарымен айналысты. ІҚМ етіне ашты, шошқа етіне ашты, өзге де өнімдерге ашты, жұмыртқа әлі де апарылады», - деді Божко.

Өндірушілер субсидиядан бас тартуға дайын. Дегенмен, олар басқа жолмен қолдау көрсетуді сұрап отыр: Қытай нарығына шығуға көмектесу, жұмыртқаны қайта өңдеуге арналған жаңа кәсіпорындар салу (бұл АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сай келеді -  ауыл шаруашылығы өнімдерін терең қайта өңдейтін кәсіпорындарды дамыту). Сондай-ақ, ішкі нарықтағы өз өндірушілерімізді қорғау. Еуразиялық экономикалық одақ аумағында одақтас мемлекеттердің тауарлары үшін нарық ашық болғандықтан, жазғы уақытта  ел нарығын Ресей мен Беларусь жұмыртқалары басып қалады. Бұл елдерде саланы мемлекеттік қолдаудың арқасында өнім құны қазақстандық өндірушілердікінен әлдеқайда төмен.

«Қолдай алмасақ, шекараны жауып тастайық. Егер шекараны жаба алмасақ, ауыл шаруашылықғы тауарларын өндірушілерге қолдау көрсетейік. Бірақ барлық субсидияларды алып тастау жайын айтып жатсақ, онда барлығы үшін алып тастайық. Сонда кімнің қанша өнім өндіретінін көретін боламыз», - деді қауымдастық басшысы.


Басқа салаларды қозғауы тегін емес. Жұмыртқа өндірушілерді мемлекеттік қолдаудан қақпақ, ал сүт өндірушілерді қолдау еселенеді.  Кәсіпкерлерде  мемлекеттік бағдарламаға сәйкес барлығы тең болуы керек делінген, ал кейбіреулер артығырақ болуы керек деген сұрақ туындауы заңды.

Алқа отырысында орын алған пікірталаста Ауыл шаруашылығы министрлігі бірден қорғана бастағанын айта кетейін.  Ведомство басшысы Сапархан Омаров статистикадағы қателік туралы шағымға үзілді-кесілді жауап берді: «Қате болса, ол сіздің қатеңіз. Статистик емес». Ал нүктені вице-премьер Роман Скляр қойды: нақты пікір білдіруге мәжбүр болды: бизнес осындай сұрақ көтеріп отырса, даулы мәселелерді қарауды жалғастыру керек деді ол.