16 Тамыз, 2013

Ауғанстан «агрессор» емес

307 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Келесі жылы Ауғанстаннан коалиция күштері шығарылады дегеннен бері, бұл осы аймақтағы көрші елдерге қиын болады-ау деген әңгіме гулеп тұр. Кейде ол тіпті қорқынышты да сипат алады. Көрші елдердің басына қаратүнек орнайтындай да көрінеді.

 

Келесі жылы Ауғанстаннан коалиция күштері шығарылады дегеннен бері, бұл осы аймақтағы көрші елдерге қиын болады-ау деген әңгіме гулеп тұр. Кейде ол тіпті қорқынышты да сипат алады. Көрші елдердің басына қаратүнек орнайтындай да көрінеді.

Мұндай ой жүйесінің қисыны да бар. Талай жылдан бері (13 жыл) бақайшағына дейін қаруланған АҚШ бастаған НАТО елдерінің коалициялық күштері тәртіп орната алмағанда, енді солармен шайқасқан күш, қолы босаған соң, айналасын жапырып кетпей ме дейді. Ол қандай күш? Нақты оған ешкім де жауап бере алмайды. Бұл елде билік үшін күрес әрқашан жүріп жатады. Коалициялық күш бұл шиеленістің жалпы бұқаралық сипат алуына, халықаралық терроризмнің өріс алуына жол бермеумен шектелді.

НАТО күштерінің бұл елде Карзай үкіметін қолдау арқылы демократиялық жүйе орната алмайтыны әуел бастан-ақ айқын еді. Ел сондай. Талибтерді қайта тәрбиелеп, олардан демократтар даярлау мүмкін емес. Мұны кезінде интернационалдық борышын өтеу арқылы іргеде тұрған КСРО-да жүзеге асыра алмаған.

Осы 13 жылда коалициялық күштер не тындырды дегенде, ауыз толтырып айтарлықтай нәрсе жоқ. Террорлық топтың орталығын басқа жаққа ығыстырған шығар. Елде азаматтық соғыстың өрістеуіне жол бермеді деуге де болар. Ал оған негіз қаланды ма? Бұлар кеткеннен кейін қазіргі биліктегілер мен талибтер арасында бейбіт қарым-қатынас орнайды деп ешкім кепілдік бере алмайды.

Енді не болады? Қорқыту­шы­лардың, оны арандатушылар десек те жөн болар, пайымдауынша, талибтер қазіргі үкіметті оп-оңай жеңіп, билікке келеді де, өздерінің қара ниетін жүзеге асырады. Айналасындағы елдерге де сойқан салады-мыс. Бұдан Орталық Азиядағы елдер, әсіресе, оған шекаралас Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстан қатты зардап шегеді екен. Қырғызстан мен Қазақстанға да оңай тимесе керек. Мұндай қорқытуға біраз жұрт иланады. Бұл сияқты жалған ақпаратты тарату, жұртты шошындыру бұл елдерге өз ықпалын жүргізгісі келетіндерге керек.

Парасатты ой қисынына жү­гін­генде, өзінің күнін көре алмай отырған, бір-бірімен қы­рық пышақ болып, алысып-жұлы­сып, қырқысып жатқан ел кімге қауіп төндіреді? Олардың басқаларға тиісуге шамасы бар ма? Басқасын былай қойғанда, оның экономикалық та, әскери де қауқары жалғыз Өзбекстаннан артық па? Тіпті, сол көрші елдерге басып кіргенде, олардан не таппақ?

Коалициялық күштер кеткен соң, бұл елде өз ішіндегі жағдайды реттеу жаңаша сипат алады. Басқаларға қауіп төндірмек түгілі, мұндағы саяси, әскери күштердің өз жағдайын реттеу үшін бастары қатары анық. Енді ел тағдыры өз қолдарына тиген соң, мұндағы саяси күштер ұлттық келісім жолын іздестіріп, ынтымаққа да қолдары жетуі мүмкін.

Бәрібір Ауғанстан бұл аймақ­тағы шиеленіс орталығы болып қала береді. Әлсіз елде халықаралық терроризмнің де тамыр жаятыны белгілі. Олардың есірткіден де құтылуы қиын. Бұл бұрыннан қалыптасқан проблема. Ауғанстан агрессор, құбыжық ел емес. Күндерін әзер көріп отырған, басқаларға қол жайған ел. Коалициялық күштер кеткен соң да, мұнда бір күш билік тізгінін ұстайды. Көрші елдер үшін солармен дұрыс қарым-қатынаста болу – парасатты саясат. Бұл елден қорқу емес, оған көмек қолын созу қажет. Біздің еліміз олардың жас­тарын оқытып, игілікті іске барды. Соны жалғастырсақ, ол нағыз қайырымдылыққа саяды. Бұл – басқаларға да өнеге жол.

 

ОДАҚТАСТАР ДА ЖЕР ҮШІН ЖАҒАЛАСАДЫ

Ұлыбритания мен Испания – Еуроодаққа мүше елдер. Бір-біріне қолдау көрсетуге міндетті. Соңғы бір апта көлемінде Еуропаның осынау жетекші екі елінің арасы күрт шиеленісіп кетті. Бұлар Испанияның Жерорта теңізі жағасында орналасқан Ұлыбритания анклавы Гибралтарға байланысты дауға барды.

Турасын айтқанда, дау сол ресми түрде «Ұлыбританияға тәуелді аумақ» аталатын көлемі 6,5 шаршы шақырым ғана шағын аймаққа таластан туып отыр. Дәл қазір испан жағы мұны қайтар деп ашып айтып отырған жоқ, сол анклавқа қатысты біраз жаңа талаптар енгізді. Оған ағылшын жағы реніш білдіріп үлгерді.

Мәселенің мәнін тереңірек ұғу үшін оның тарихына жүгінген жөн. Жерорта теңізінен шыға беріс­тегі Еуропаның ең бір теңіз­дік күрежолына орналасқан бұл қала-жартас – Гибралтардың стра­тегиялық мәні бар. Ол өз тарихында талай елдің иелігіне көш­кен. Бұрындары ара