16 Тамыз, 2013

Каспий келешегін ойластырудан кеш қалмайық

279 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

каспийАралды аздырып алған еліміздің қазіргі қолына ұстап, көзіне нұр еткені жалғыз теңіз – Каспий. Балығы асқа, жағасы демалысқа, суы тіршілікке, қарым-қатынас, сауда-саттыққа, өзге де байлық-бары қажетімізге жарап келе жатқан Каспийді «жалғыз» деп маңдайға баса алдық па, жоқ, барын талап пайдаланудан әрі аса алмай жүрміз бе? Айтылған сөз, жасалған жұмыстың нәтижесі қандай? Расында, сол жалғыздың мұңы да, жыры да жеткілікті сияқты.

0094-а

Аралды аздырып алған еліміздің қазіргі қолына ұстап, көзіне нұр еткені жалғыз теңіз – Каспий. Балығы асқа, жағасы демалысқа, суы тіршілікке, қарым-қатынас, сауда-саттыққа, өзге де байлық-бары қажетімізге жарап келе жатқан Каспийді «жалғыз» деп маңдайға баса алдық па, жоқ, барын талап пайдаланудан әрі аса алмай жүрміз бе? Айтылған сөз, жасалған жұмыстың нәтижесі қандай? Расында, сол жалғыздың мұңы да, жыры да жеткілікті сияқты.

Осыдан он жыл бұрын Иранның Теһран қаласында Каспий аймағын мекен ететін бес мемлекеттің Үкі­мет басшылары Каспийдің теңіздік ортасын қорғау, оның биологиялық ресурстарын ластанудан сақтау, бүлінсе қалпына келтіру, теңізді жауапты пайдалану, бұл мәселедегі өзара ынтымақтастық жөніндегі конвенцияға қол қойды. Конвенция өмірге әкелген тағы бір жаңалық ол қабылданған 12 тамыздың – Каспий күні деп аталуы. Жыл сайын осы қарсаңда көк теңіз жағасында көрші отырған елдердің өкілдері бірлесіп, мәдени шара, түрлі жарыстар өткізіп тарасады. Ал биыл Ақтауда «Каспий теңізін биоресурстарын қорғаудың өзекті мәселелері» атты халықаралық экологиялық форум өтті.

Каспий бүгінде тек теңіз емес, үлкен әлеуметтік-экономикалық маңызға ие нысанға айналды. Шартарапты байланыстырар алтын көпір де – өзі, жанды-жансыз қазыналарға толы қазан да – өзі, теңіздің күміс суына шомы­лып, жағалаудағы алтын құм мен қиыршық тасына жантайып, ден­саулықты күтіп, жан-жүйкемді демалтамын дегеннің діттегені де – өзі. Ең басты алаң теңіз табанынан мұнай өндіруге байланысты болып тұр. Қазірдің өзінде теңізде Солтүстік Каспийдің мұнай кен орындарын игеру үшін 300-дей ірі тонналық кемелер жосып жүр. Қызу жұмыспен олардың күніне қанша шақырым шиырлайтыны мәлім емес, ал ол теңіздің био­алуантүрлілік ортасына нұқсан кел­тіретіні анық. Ал беті әрі болсын, әрине, бірақ «жан бар жерде жазым бар» дегендей, құбырлар жарылып немесе өзге де сәтсіздіктер орын алып теңізге мұнай төгілетін болса, Каспийдің фитопланктонын тұншықтырып, оттегінің жасалуын төмендетіп, күрделі экологиялық проблема туындатып жібереді. Балық қоры азайып, су сапасы төмендеп, теңіз түбіндегі тіршілік үшін аса маңызды биологиялық алуан сән-салтанаттың өзара үйлесімділігі быт-шыт болады және оның қанша уақыттан соң қалпына келері де мәлім емес.

Алдын ала дабыл қаққан ма­мандардың, табиғат жанашыр­ларының жанайқайына орай жасалып жатқан жұмыстар да жоқ емес екен. Форумда сөз алған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ә.Шөжеғұлов осы мәселелерге тоқталды. «Облыс әкімдігімен Кас­­пий теңізінің акваториясын қор­ғау мен сақтау жөнінде бел­гілі жұмыстар жүргізілуде», деген ол теңіз жағасын бойлай Түркі­менстан шекарасынан Атырау облысының аймағына дейін 1399 шақырым су қорғау аймақтары мен жолақтарының белгіленгендігін, соңғы бес жыл көлемінде ғарыштық қашықтықтан аймақ­тарға бөлу технологияларын қолдану арқылы теңіз қайраңы мен жағалауына экологиялық мониторинг жүргізілгендігін, жағалауда үш айрықша қорғалатын табиғи аумақтар құрылғандығын айтып өтті. Жергілікті маңыздағы айрық­ша қорғалатын мәртебесімен тағы да үшеуі құрылатын бұл аумақтар жағалаулық аймақтарда табиғи экожүйелерді сақтау мен қалпына келтіру мақсатындағы жұмыстар екен.

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау минис­трлігі Балық шаруашылығы ко­ми­теті төрағасының міндетін ат­қарушы Қ.Мұсабаев «Каспий теңі­зінің қазақстандық секторында биоресурстарды сақтаудың негізгі проблемалары» туралы баяндамасында атқарылған жұмыстармен таныстырды.

–- Каспий мемлекетаралық су қоймасы және теңіз ортасын қор­ғау бүкіл Каспий аймағы мемле­кеттерінің күш біріктіруін