Сонымен қоса, туризм саласын дамытуға да ерекше көңіл бөлінеді. Іскерлік туризм бойынша облыс Қазақстанда көшбасшы орындардың бірін алады.
2019 жылы ІІІ тоқсанда ішкі туризм бойынша 130 685 келушіге (2018 жылғы деңгейге 29 312 адамнан астам), келу туризмі бойынша — 57 251 келушіге (2018 жылғы деңгейге 7 837 адамнан астам) қызмет көрсетілді.
Облыста мәдени-танымдық туризм (өлке тарихымен, оның салт-дәстүрімен танысу), спорттық-әуесқойлық (аң аулау және балық аулау), этнографиялық, экологиялық және сауықтыру туризмі дамытыла бастады.
Қазіргі кезде Атырау қаласында шолу экскурсиясы бағдарламасы әзірленген және жұмыс істейді, онда көптеген қызықты тарихи, мәдени көрнекті жерлердің, ескерткіштер мен ойын-сауық нысандарының, сондай-ақ өңірде өмір сүріп жатқан түрлі халықтардың ас мәзірлерін қамтыған мейрамханлар мен дәмханалар қамтылған. Сонымен қоса, туристер шығармашылық орталыққа бара алады, онда апта сайын қазақ халқының салт-дәстүрі көрсетіледі.
Сондай-ақ жаз мезгілінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін Атырау қаласының дәл орталығынан ағып өтетін және қаланы екі құрлыққа: Еуропа мен Азияға бөлетін Жайық өзені бойынша экскурсиялық теплоходпен серуендеу мүмкіндігі қарастырылған.
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында Каспий теңізінің жағалауында Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін құстардың бірегей түрлері бар және мұнда әуесқойлық спорттық балық аулауға рұқсат етілген, бұл туристер үшін аса қызығушылық тудырады.
Жазғы кезеңде қала қонақтары «арқан парктері», «құзға шығу», «жылқы мен түйемен серуендеу» түрінде ойын-сауық қызметтері ұсынылатын, Жайық өзенінің жағалауындағы турбазаларға бара алады.
Өңірде Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енген 7 тарихи ескерткіш бар (Махамбет ауданы: «Сарайшық» мемориалдық кешені; Жылыой ауданы: Ақмешіт қорымы, Құлшан ата жерасты мешіті, Аралтөбе қорғаны, Иманқара кешені, Ұшқан ата қорымы; Индер ауданы: Махамбет Өтемісұлы мазары).
Құрманғазы ауданы мұнда демалыс орындарында Қиғаш өзеніндегі балық аулау және аң аулау жұмыстарының жолға қойылғанымен ерекше. Қиғаш өзені жағалауының әдемі табиғи орны мен таза ауасы экологиялық туризмді дамыту үшін үлкен әлеуетке ие.
Облыс қонақтары мен келушілері агроөнеркәсіптік сектор объектілеріне, атап айтқанда, түйе, жылқы және басқа да фермаларға қызығушылық танытады.
Облыстың туристік компаниялары ішкі және сырттан келу туризмін дамыту мақсатында маршруттарды белсенді әзірлеуді жалғастыруда.
Өңірдің ең перспективалыі туристік нысандарының бірі — Ұлы Жібек жолының солтүстік бөлігіндегі ежелгі «Сарайшық» қалашығы. Туристер мен саяхаттаушылар әдетте осы нысанға аса қызығушылық танытады.
Жыл сайын «Сарайшық» мемориалдық кешеніне келушілер саны 12-ден 15 мың адамға дейін құрайды. Нысанның тарихи маңыздылығын ескере отырып, «Ортағасырлық Сарайшық» кешенінің құрылысы жобасының жоспары әзірленді. Бүгінгі таңда ежелгі қала жобасының макеті мен ғылыми негіздемесі әзірленді. «Ортағасырлық Сарайшық» туристік нысаны құрылысының бірінші кезеңі — Визит-орталығының салынуы.
2017 жылы Визит-орталықтың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 43,6 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
Индер ауданында тұзды көлдің болуы осы жерде сауықтыру туризмін дамытуға мүмкіндік береді. Өткен жылы облыс ғалымдары Индер тұзды көлінің балшығы мен тұзын емдеу мақсатында пайдалану бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді және әртүрлі аурулар кезінде олардың бағалығына байланысты оң нәтиже алды. Тұзды көлді тиімді пайдалану мақсатында «НефтеСтройСервис» ЖШС мүдделі инвесторға Индер тұзды көлінің жағасынан 50 га жер ұсынылды. Қазіргі уақытта аталған мекеме топографиялық түсірілім мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуде. «НефтеСтройСервис» ЖШС деректері бойынша жоба бірнеше кезең бойынша жүргізіледі.
Сондай-ақ жеке инвестор есебінен Атырау қаласында Этноауыл салу жоспарлануда. Қазіргі таңда инвесторларға «Атырау» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп «Нұрлы тау» ЖШС құрылды және жарғылық капиталы анықталды, сондай-ақ сараптамадан өтіп жатқан жобалау-сметалық құжаттама дайындалды. Этноауыл құрылысының басталуы 2020 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған.