Қазақстан • 28 Ақпан, 2020

Қоныс аударушыларға 8,5 млрд теңге бөлінеді

514 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2020 жылы республикалық бюджеттен жұмыс күші мол аймақтардан келген қоныс аударушылар үшін баспана сатып алуға 8,5 млрд теңге бөлінеді.

Қоныс аударушыларға 8,5 млрд теңге бөлінеді

Қаржы министрлігінің талдау ақпаратына сәйкес, қаржыландыру екі облыс арасында бөлінетін болады. Солтүстік Қазақстан облысын жаңа мекен-жай ретінде таңдайтындар 4,8 млрд теңге алады. 3,7 млрд теңге Павлодар облысына бағытталмақ.

Бұдан басқа, ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы бойынша бес аймаққа 1,6 млрд теңге бөлінді. Ең үлкен сома Павлодар облысына жіберіледі – 702,4 млн теңге. Солтүстік Қазақстан облысына 382,2 млн теңге. Сондай-ақ Қостанай облысы 256,8 млн теңге және Шығыс Қазақстан облысы 237,1 млн теңге алады. Ең аз қаражат Ақмола облысына жоспарланған – небәрі 24 млн теңге.

Сонымен қатар Қазақстанда еңбек нарығын дамытуға жалпы 18,3 млрд теңге бағытталады. Ең үлкен үлес Түркістан облысына тиесілі – 3,7 млрд теңге. Сондай-ақ, 8,4 млрд теңге әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақысына қосымша төлем трансферттерін құрайды.

Жалпы, 2020 жылы "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 26,8 млрд теңге қарастырылған. Осыған дейін   оралмандар Қазақстанның қай өңіріне баратынын өзі таңдайды  деген пікір басым болып келген. Сондықтан тең жартысы Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарына шоғырланды. Бұл облыстарда тұрғын саны онсыз да көп. Жұмыс, баспана мәселесін шешу қиындау. Сондықтан оралмандар оңтүстікке қоныстанғанымен, одан кейінгі тұрмыс-тіршілігінде қиыншылықтар туды.  Екіншіден, оралмандарға бұл облыстарда баспаналы болуға, шаруашылықпен шұғылдануға мүмкіндік мол. Бұл ретте оралмандардың шыққан жері де ескеріліп отыр. Мысалы, Қарақалпақстан мен Түрікменстаннан келетін оралмандар негізінен Маңғыстау облысына шоғырланды. Өйткені көбінің осы жердегі тұрғындармен туыстық байланыстары бар. Туыстарынан тым алысқа ұзағысы келмейтін оралмандар наразы болуы да мүмкін. Сондықтан олардың Атырау, Батыс Қазақстан облыстарына баруына мүмкіншіліктері бар. Бірақ бұлардың барлығы да – шекаралық облыстар.

Журналистердің «шекаралық облыстар» деген тіркеске басымдық беруінің салмақты себебі бар. Себебі ел ішінде, қазақ басылымдарында, қазақ көшін солтүстік өңірлерге қарай бұратын кез келді» деген пікір көптен айтылып жүрген. Бұл – бір. Екіншіден, шекарасын жергілікті ұлт өкілдерінің қарасын көбейту арқылы бекітіп жатқан елдің алғашқысы да, соңы да біз емеспіз.

Демек, Үкімет, билік бұл шешімі арқылы көптің мүддесіне келгенде қалғып кете алмайтынын, қоғамдық пікірді қажет кезінде қаперге алып жүретінін көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 2020 жылы Қазақстанда 32,8 мың субсидияланатын жұмыс орынын құруға 12 млрд теңге жұмсалатынын хабарлаған болатын.

Сонымен қатар қазақстандықтар жұмыспен қамту бағдарламасының тиімділігіне алаңдаушылық білдіруде.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше