21 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №712

229 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

2013 жылғы 10 шілде,   Астана, Үкімет Үйі

Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекiту туралы

«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 19) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жылу энергиясын пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі             С.Ахметов.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2013 жылғы 10 шілдедегі №712 қаулысымен бекітілген

Жылу энергиясын пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Жылу энергиясын пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылу энергиясын пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
1) есептік кезең – тұтынылған жылу энергиясы есепке алынатын және тұтынушыға төлемге ұсынылатын жылу энергиясына шартпен айқындалатын уақыт кезеңі;
2) жылу желісінің баланстық тиесілігі – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және тұтынушыға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі жылу желісінің учаскесі;
3) жылу желісінің баланстық тиесілігінің шекарасы – жылу желісінің, оның баланстық тиесілігіне сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушы арасындағы жылу желісінің бөлініс нүктесі (сызығы);
4) жылу тасмалдағыштың шығысы – уақыт бірлігі ішінде құбырдың көлденең қиылысы арқылы өткен жылу тасымалдағыштың массасы (көлемі);
5) жылу тұтыну жүйесі – бір немесе бірнеше жылу жүктемесі түрлерін тұтынуға арналған жылу тұтыну қондырғыларының кешені;
6) жылумен жабдықтау жүйесі – жылу көздерінің, жылу желілерінің және жылу тұтыну қондырғыларының жиынтығы;
7) жылу энергиясына арналған тариф табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен жылу энергиясы құнының ақшалай мәні;
8) жылу жүктемесі – уақыт бірлігі ішінде жылу тұтыну қондырғысы қабылдай алатын жылу энергиясының мөлшері;
9) жылу желісі – жылу энергиясын беруге, таратуға арналған құрылғылар жиынтығы;
10) жылу энергиясы – тұтыну кезінде жылу тұтынатын қондырғының термодинамикалық параметрлері (температура, қысым) өзгеретін, жылу тасымалдағыш беретін энергия;
11) жылу тасымалдағыш – жылу энергиясын беру үшін жылумен жабдықтау жүйесінде пайдаланылатын зат (су, бу);
12) жылу тұтыну қондырғысы – жылу энергиясын тұтынушының қажеттілігі үшін жылу энергия­сын, жылу тасымалдағышты пайдалануға арналған құрылғы;
13) жылумен жабдықтау – тұтынушыларға жылу энергиясын беру  жөніндегі іс-шаралар;
14) қосалқы тұтынушы – жылу қондырғылары тұтынушының жылу желілеріне қосылған тұтынушы;
15) өлшеу құралдарын тексеру – өлшеу құралдарының (коммерциялық есепке алу аспабының) белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін айқындау мен растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа да аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы;
16) энергетикалық сараптама – жұмыс істеп тұрған объектілер, қайта жаңартылатын, жаңғыр­тылатын және жаңадан салынып жатқан объектілердің жобалары бойынша, жылу желілеріндегі энергетикалық жабдықтардағы технологиялық бұзылулар мен аварияларды тексеру кезінде, сондай-ақ олардағы өндірістік жарақат алу жағдайларында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестілігіне электр энергетикасы саласында жүргізілетін сараптама;
17) техникалық шарттар – жылу желілеріне қосу үшін қажетті техникалық талаптар;
18) төлем құжаты – оның негізінде тұтынылған жылу энергиясы үшін тұтынушы төлем жүргізетін құжат (есеп, хабарландыру, түбіртек, есеп-ескерту);
19) тұтынушы – шарт негізінде жылу энергиясын тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
20) есепке алу торабы – жылу энергиясын есепке алуды қамтамасыз ететін аспаптар мен құрылғылар жүйесі;
21) сарапшы ұйым – электр энергетикасы мәселелері бойынша энергетикалық сараптама жүргізу үшін аккредиттелген ұйым;
22) энергиямен жабдықтаушы ұйым – сатып алынған жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;
23) энергия беруші ұйым – жылу энергиясын тұтынушыларға беруді шарттар негізінде жүзеге асыратын ұйым;
24) энергия өндір уші ұйым – жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) өткізу үшін өңдіруді жүзеге асыратын ұйым.

2. Жылу энергиясын пайдалану тәртібі
3. Жылу энергиясын пайдалану үшін тұтынушы қолданыстағы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның жылу желілеріне қосылуы және энергиямен жабдықтаушы ұйыммен жылумен жабдықтау шартын жасасуы қажет.
4. Қолданыстағы жылу желілеріне қосылу және жылумен жабдықтауға шарт жасасу техникалық шарттар талаптары орындалғаннан кейін жүзеге асырылады.
5. Тұтынушылардың объектілерін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар мынадай жағдайларда беріледі:
1) жаңадан пайдалануға берілген объектілерді жылу желілеріне қосу;
2) тұтынылатын энергия мөлшерінің немесе жылу тұтынушы құрылғының қайта жаңартылуына немесе кеңеюіне байланысты техникалық шарттарда және шарттың талаптарында белгіленгеннен жоғары жылу тасымалдағыш параметрлерінің өзгеруі;
3) сыртқы жылу жабдықтаушы схемасының өзгеруі;
4) бұрын жылу жүйелеріне қосылмаған объектілерді қосу.
6. Техникалық шарттарды алу үшін тұтынушы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға өтінім береді. Өтінімде мыналар көрсетіледі:
1) объектінің атауы;
2) объектінің орналасқан орны;
3) тапсырыс беруші ұйымының толық атауы, мекенжайы мен телефоны;
4) жоба болған жағдайда, жобаланатын объектіні сипаттайтын деректер (энергияны тұрмыстық тұтынуға пайдаланатын тұтынушылар үшін техникалық паспорт)
7. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушыдан өтінімді алғаннан кейін он төрт жұмыс күн ішінде тұтынушыны жылумен жабдықтау желісіне қосуға арналған техникалық шарттарды береді.
8. Энергия берушi ұйым тұтынушылар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды орындаған жағдайда, оларды жылу желілеріне қосудан, сондай-ақ оларға жылу энергиясын беруден бас тартуға құқығы жоқ.
9. Тұтынушы объектісін жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарда мыналар көрсетіледі:
1) жылумен жабдықтау көзі, жылу желілеріне қосу нүктесі, берілетін жылу энергиясының сапасы;
2) басқа тұтынушылардың жүктемелерін ескере отырып, негізгі және резервтегі іске қосу нүктелеріндегі жылу тасымалдағыштың параметрлері мен гидравликалық режимі;
3) қажет болған жағдайда, басқа тұтынушылардың жүктемелерін қосу перспективасын ескере отырып, негізгі тұтынушының жүктемесі;
4) қайтарылатын өндірістік конденсаттың саны, сапасы және қайта айдау режимі, қажет болған жағдайда, конденсатты жинау және қайтару схемасы;
5) жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату жөніндегі талаптар (жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін орнату кемінде 50 кВт орташа сағаттық жылу энергиясын тұтынатын объектілерге қолданылмайды);
6) жылу желілерін төсеу тәсілі;
7) жылыту-желдету мен технологиялық жүктемелерді және ыстық сумен жабдықтау жүктемесін қосу схемасы;
8) температуралық кесте мен желілік судың шығысы;
9) салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан жылу желілерінің баланстық және пайдалану тиесілілігі мен тараптардың пайдалану жауапкершілігінің шекаралары.
10. Техникалық шарттардың қолданылу мерзімі ҚР ҚН 1.02-01 2008 жобалау нормаларының, ҚР ҚНжЕ 1.04.03 2008 құрылыс тиесілігінің нормаларының талаптарына сәйкес айқындалады, бірақ бір жылдан кем емес.
11. Жылу тұтынатын қондырғылары тұтынушылардың желілеріне қосылатын қосалқы тұтынушылар техникалық шарттарды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымнан алады және тұтынушымен келіседі.
12. Объект иесі өзгерген жағдайда, жаңа мүлік иесі мүлік құқығы тіркелген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда энергия беруші (энергия өндіруші) және энергиямен жабдықтаушы ұйымға объект иесінің ауысқандығы туралы хабарлайды. Тұтынушыға бұрын берілген техникалық шарттарды, актілер мен шарттарды қайта ресімдеу тек меншік иесінің ауысуы бөлігінде ғана жүзеге асырылады.
13. Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін ақы алынбайды.
14. Техникалық шарттарда көрсетілген талаптардың негізділігіне күмән туындаған жағдайда, тұтынушы сарапшы ұйымға энергетикалық сараптама жүргізу үшін жүгінеді. Тұтынушының өтініші негізінде сарапшы ұйым энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға жүгінуі кезінде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым барлық сұратылған мәліметтерді береді.
15. Тұтынушы техникалық шарттарды немесе техникалық шарттарда көрсетілген талаптарды беруден бас тартуының негізделмегендігі туралы сарапшы ұйымның оң қорытындысы