Өткен жылы негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 556,2 млрд.теңгені құраған, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,0%-ға артық.
Өткен жылы облыста 31,6 млрд теңгеге 13 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланғаны туралы айтқан едік. Алайда, оның 4-еуі ғана пайдалануға беріліп, 10,3 млрд теңгеге 353 жұмыс орны құрылған. Қалған 9 жоба өтініш берушілердің техникалық сұрақтарына байланысты, осы жылы іске қосылмақ. 9 жоба бойынша барлық жұмыстар 70% - дан астамға аяқталған.
2019 жылдың мамыр айында «Sembol Construction and Engineering» компаниясының түрік инвесторлары іске асыратын «Aktau Resort Hotel» көпфункционалды туристік-қонақ үй кешенінің құрылысы басталғаны белгілі.
«Құрылыстың 1-кезегін 2020 жылдың 4-тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. Туристік кешен 500 орынға арналған қонақ үй кешенінен, балалар аквапаркінен, футбол алаңы, конгресс-орталығы, мейрамханалар мен СПА орталық, жағажай корты, жағажай клубы, жеке виллалар, гольф-аймақ, парктік аймақ, теңіз айлағы мен демалыс аймағынан тұратын болады. Туристік қонақ үй кешеніне жұмысқа орналастырумен кадрларды даярлау жұмыстары жүргізілуде», деді Н.Қилыбай.
Мамыр айына дейін 1200 адамды оқыту жоспарланған. Оның ішінде қазіргі уақытта 800-ден астам адам оқуды аяқтап, Анталья мен Дубайдың туристік қалаларында 100-ден астам адам тәжірибеден өтпек.
Маңғыстау облысы