Мәселен биыл 8 наурыз күні сағат 21:30 шамасында Мұнайлы ауданы Батыр ауылдық округі, «Болашақ» шағынауданындағы көше тұрғынынан тінту кезінде, киімінен оң қалтасынан ақ түсті қағазға оралған затты өзіндік тән иісі бар, өсімдік тәріздес зат анықталып, айғақ зат ретінде алынды. Сараптама корытындысына сәйкес марихуана есірткі заты екенін анықталды. Салмағы – 0,85 грамм. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Дәл осындай дерек Маңғыстау ауылы тұрғынының қалтасынан тінту кезінде 5 дана темекізат анықталып, айғақ зат ретінде алынды. Сараптама корытындысына сәйкес марихуана есірткі заты екені анықталды. Салмағы 1,25 грамм. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 09.03.2020 жылы сағат 12:30 шамасында Ақтау қаласы «Приозерный» елді мекенінде «Ұлжан» аялдамасының артында орналасқан дәріханада дәрігердің рецептісіз «Трамадол» дәрісі сатылғаны анықталған. Дерек тіркеліп, қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы «Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу» бойынша тәртіп бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.
Маңғыстау облысы