Мәселен, учаскелік полиция қызметкерлері Ақтау қаласы бойынша алдын алу есебінде тұрған 251-ден астам адамды тұрақты түрде тексеруде.
Мақсаты – бұрын сотталған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту, оларға қатысты ішкі істер органдары қылмыс жасауды азайтуға бағытталған алдын алу жұмыстарын жүзеге асырады. Ол үшін учаскелік инспекторлар есепте тұратындарды тұрғылықты жері бойынша тексереді. «Қамқоршылардың» әр сапары әр түрлі. Кейбіреулер қойылған сұрақтарға тыныш жауап береді, өздері әңгімелесуге белсенді қатысады. Ал жағымсыз өмір салтын ұстанған, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасайтын және сотпен қойылған шектеу мен міндеттерді орындамайтын тұлғалар, әрине, бұл тәртіп сақшылардың келгендеріне қуанбайды.
Мәселен, Ақтау қаласы 4 шағын ауданының учаскелік полиция инспекторының бақылауы мен жүргізген профилактикалық жұмыстарының арқасында түзеу мекемесінен босап келген тұлғалар алкогольдік ішімдік ішуін және отбасы тұрмыстық салада құқық бұзушылық жасауын қойып, бірі техникалық қызмет көрсету станциясына, бірі электр станциясына электрик болып жұмысқа орналасты.
Инспекторлар сотталғандардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, оларды деректер базасы бойынша тексереді. Қажет болған жағдайда кеңес береді және көмек көрсетеді.
Маңғыстау облысы