Мақсаты – Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша уәкілетті тұлғалар арқылы қызмет салалары бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жандандыру, проблемалы сұрақтарды талқылау және әрі қарайғы осы бағытта бірлесіп жасайтын жұмысты қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын ілгерілету бойынша үкіметтік емес ұйымдарымен кездесу хаттамасының негізінде өткен бұл кездесу «дөңгелек үстел» форматында ұйымдастырылды.
Шара барысында Үкіметтік емес ұйымдар мен ішкі істер органдарының өзара іс-қимыл жасасуының тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар туралы айтылды.
Сөз барысында зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балалар үшін, адам саудасының құрбандары мен т. б. үшін дағдарыс және оңалту орталықтарын кеңейту, бірлесіп кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу, халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс істеуге бағытталған әлеуметтік жобаларды жүргізу және өзге де өзекті мәселелер талқыға түсті.
Одан әрі бұл шара өз жалғасын тауып, бірігіп көп мәселелер өз шешімін табатыны сөзсіз.
Маңғыстау облысы