21 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы № 56

649 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

2013 жылғы 22 ақпан,   Астана қаласы

Білім беру ұйымымен ынтымақтастық  туралы үлгілік келісімнің нысанын бекіту туралы

«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 14 қаң­тардағы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысаны бекітілсін.
2. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева):
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты хатшы А.К.Ғалымоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр           Б.ЖҰМАҒҰЛОВ.

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің
2013 жылғы 22 ақпан №56 бұйрығымен бекітілген
нысан
Білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы үлгілік келісім

Астана қ.              «____»________ 20___ж.

 Бұдан әрі «Оператор» деп аталатын____________________________атынан
                атауы
___________________________________________негізінде әрекет ететін (-уші)
     құжат атауы
___________________________________ тұлғасында бір тараптан және бұдан
Т.А.Ә.
әрі «Білім беру ұйымы» деп аталатын ______________________________ атынан
                    білім беру ұйымының атауы
____________________________________________негізінде әрекет ететін (-уші)
     құжат атауы
________________________________ тұлғасында екінші тараптан, бұдан әрі
Т.А.Ә.

бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар жақ «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес төмендегілер туралы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласында ынтымақтастық туралы осы Келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.

1. Осы келісімнің мәні
1. Білім беру ұйымы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) шеңберінде білім беру жинақтау салымы туралы шарт жасасқан салымшыға техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру қызметтерін көрсетеді, ал оператор МБЖЖ қатысушыларының жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады және оның МБЖЖ бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген шекте жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
2. Білім беру ұйымы білім беру жинақтау салымындағы қаражаттың өз мақсатында пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

2. Өзара іс-қимыл шарттары мен тәртібі
3. Салымшының өтініші бойынша білім беру қызметтері үлеспен (әр академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір рет (барлық оқу мерзімі үшін) әр академиялық кезең немесе оқу жылы басталғанға дейін төленеді.
4. Білім беру ұйымы:
1) білім беру жинақтау салымдарының есебінен оқитындардың есебін жүргізетін және сол бойынша операторға мәліметтер беретін жауапты тұлғаны белгілейді;
2) білім беру жинақтау салымдарының есебінен оқитындардың жеке есебін жүргізеді;
3) салымшының оқуға қабылдануы, ауыстырылуы, академиялық демалысты ресімдеуі, академиялық демалыстан оралуы, білім беру ұйымына қайта қабылдануы, одан шығарылуы, оның ішінде оқуды бітіруіне байланысты шығарылуы туралы тиісті құжаттардың көшірмелерін жіберу арқылы олар қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей қатысушы банкті және операторды хабардар етеді;
4) салымшының немесе қатысушы банктің сұрауы бойынша анықтама берілетін күнгі қажетті академиялық кезеңге немесе оқудың жалпы құны жөнінде анықтама береді;
5) салымшы басқа білім беру ұйымына ауысқан жағдайда оны қабылдайтын білім беру ұйымының шотына білім беру қызметтеріне төленген ақы қалдығын аударады, әрі бұл жөнінде операторға 7 (жеті) жұмыс күні ішінде хабарлайды.

3. Тараптардың құқықтары және жауапкершілігі
5. Білім беру ұйымының құқықтары:
1) оператордан ынтымақтастық туралы келісім жасасқан қатысушы банктердің жазбаша тізімін, сондай-ақ МБЖЖ шеңберіндегі басқа да ақпаратты талап ету;
2) техникалық мүмкіндіктер бар болған жағдайда меншікті ақпараттық жүйені оператордың ақпараттық жүйесімен біріктіруді қамтамасыз ету;
6. Оператордың құқықтары:
1) Заңда және (немесе) ынтымақтастық туралы келісімде білім беру ұйымына қойылған талаптардың бұзы лғаны анықталған жағдайда білім беру ұйымын жауапқа тарту үшін шара қолдану;
2) білім беру ұйымынан білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың жасалуына, қолданысына, білім беру қызметтерінің құны мен төлеміне, білім алушының үлгеріміне қатысты қажетті мәліметтерді сұрату.
7. Білім беру ұйымының міндеттері:
1) оператордың сұратуы бойынша семестрлік негізде білім беру ұйымында оқитын салымшы туралы қажетті мәліметтерді ұсыну;
2) салымшы білім беру ұйымынан шығарылған жағдайда оның шығарылуы туралы бұйрық шыққан күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде білім беру қызметтеріне төленген ақының қалдығын салымшының білім беру жинақтау салымына аудару;
3) білім беру қызметтерінің ақысын төлеуге аударылған қаражатты тікелей салымшының өзіне бермеу.
8. Оператордың міндеті:
1) білім беру ұйымының сұрауы бойынша сол білім беру ұйымында білім алушының атында тіркелген салым шартының бары, не жоқтығы жөнінде мәлімет беру.

4. Тараптардың жауапкершілігі
9. Тараптардың әрқайсысы осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасына сәйкес жауапты.
10. Осы Келісімнен немесе оған байланысты туындауы мүмкін кез келген даулар, не келіспеушіліктер екі жаққа да қолайлы шешімге келу мақсатында келіссөздер өткізу арқылы шешіледі.
11. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шешіледі.

5. Құпиялылық
12. Тараптар осы Келісімнің аясында алған кез келген ақпаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасында қарастырылған жағдайларды қоспағанда екінші тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз жарияламауға міндет алады.

6. Форс – мажор
13. Еңсерілмейтін күштердің төтенше жағдайлары орын алғанда, атап айтқанда: осы Келісімге қол қойылғаннан кейін басталған және осы Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді толықтай немесе жарым-жартылай орындауға кедергі келтіретін соғыс іс-қимылдары, табиғат апаттары, ереуілдер, мемлекеттік органдардың тыйым салатын және шектеу қоятын заңнамалық шешімдері болса, міндеттемелерді орындау мерзімі аталмыш жағдайлар аяқталғанша ұзартылады.
14. Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған тарап осындай жағдайлар орнаған күннен бастап күнтізбелік 7(жеті) күннен кешіктірмей бұл жайында екінші тарапқа хабарлау тиіс. Мұндай хабарламада мәлімделген мәселе уәкілетті мемлекеттік органдардың тарапынан құжатпен расталуы керек.
15. Төтенше жағдайлардың орын алғандығы туралы уақытында ескертпеу немесе хабарламау бұл тарапты шарттың міндеттемелерін орындау жауапкершілігінен босататын себеп ретінде оларға жүгіну құқынан айырады.

7. Осы келісімнің қолданылу мерзімі және бұзылу тәртібі
16. Келісім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және ондағы міндеттемелер толық орындалғанша қолданылады.
17. Осы Келісім Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес және Келісімде қарастырылған талаптар бойынша бұзылуы мүмкін.
18. Келісімнің мерзімінен бұрын бұзылуына тараптардың Келісімі негізінде, немесе Келісімде қарастырылған талаптар сақталып, тараптардың бірінің бастамасы бойынша рұқсат беріледі.
19. Тараптар екінші тарапқа кем дегенде 50 (елу) күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде хабарлау арқылы бір жақты соттан тыс тәртіпте Келісімнің бұзылу рәсімін бастауға құқылы.
20. Білім беру ұйымы Заңының талаптарын үнемі бұзған жағдайда Оператор 10 (он) күн бұрын мүдделі тараптарға алдын ала хабарлама жолдап, бір жақты соттан тыс тәртіпте Келісімді бұзуға құқылы.

8. Қорытынды ережелер
21. Тараптар хат-хабар жіберу бойынша шығындарды өздері өтейді. Электронды құжаттар айналымы саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары сақталған жағдайда тараптар құжат айналымын электрондық сандық қолтаңба арқылы жүзеге асыра алады.
22. Осы Келісімді жасау кезінде Тараптар өзара келісу бойынша бұл білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысанына нақтылау сипатында өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
23. Келісімге кез келген өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісім жасалып, қол қою арқылы енгізіледі.
24. Келісімде көрсетілген ақпарат өзгерген жағдайда тиісті тарап мұндай өзгерістер туралы екінші тарапқа 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.
25. Келісімде реттелмеген бөлімде тараптар Қазақстан Республикасының қолданы