Спорт • 13 Наурыз, 2020

Футболдан ел чемпионаттарына көрермендер қатыстырылмайды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда өтетін «Каспий» - «Астана» футбол клубтары арасындағы чемпионатқа жанкүйерлер қатыстырылмайды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған шаралар туралы брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев мәлім етті.

Футболдан ел чемпионаттарына көрермендер қатыстырылмайды

- 15 наурызда Ақтау қаласында «Каспий» - «Астана» футбол клубтары арасындағы чемпионат өткізіледі. Алайда, көрермендер қатыстырылмайды. Бұл коронавирусқа қарсы сақтық шараларын күшейту үшін.  Ал осы індетке қарсы 1, 2, 3-категориялар енгізілген елдерде болған футболшылар қатаң түрде тексеруден өткізілмек, - деді Қ.Жұмашев.

Маңғыстау облысы әкімінің айтуынша, футболдан ел чемпионатына қатысты мұндай шектеулер барлық облыста енгізілген. Себебі, мұндай чемпионаттарға халық көп шоғырланады.

Ал Маңғыстау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбек Қарабалаевтың берген мәліметіне сүйенсек, аймақтағы жаттығу залдары мен фитнес-орталықтар әдеттегідей жұмыстарын жалғастыра беретін болады.

 

Маңғыстау облысы