22 Тамыз, 2013

Қазақстан өз тәжірибесімен бөлісуге әзір

226 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының Басшысы Қайрат Мәмидің БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі Жоғарғы өкілі Нассир Абдулазиз әл-Нассермен кешегі кездесуінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі мен Өркениеттер альянсы арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері сөз болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Нассир Абдулазиз әл-Нассер Қазақстан бастамашы болып табылатын 2013-2022 жылдардағы мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығын ұлықтау жөніндегі халықаралық форумға қатысу үшін біздің елімізге келіп отыр. БҰҰ Бас Ассамблеясының 67-сессия­сы «Бейбітшілік жолын­да­ғы өзара түсіністік және ынты­мақ­тастық, мәдениетаралық және дінаралық үнқатысуды ілгерілету» қарарын қабылдаған болатын.

Әңгіме барысында Қазақстан негізінен әлем мәдениеті жөніндегі қарарлар авторларының бірі ретінде жүйелі түрде көрініп келе жатқаны аталып өтілді. «БҰҰ жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің мүшесі болып Қазақстанның сайлануы азаматтар құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етудегі біздің еліміз табыстарының халықаралық тұрғыда мойындалуы екеніне нық сенімдімін», – деді Қ.Мәми.

Әлемдік және дәстүрлі дін­дер көшбасшылары съезі мен Өрке­ниеттер альянсы арасындағы ын­тымақтастықтың келешегін талқылай келіп, әңгімелесушілер жалпыға бірдей бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізу ісінде дінаралық және мәдениетаралық төзімділік пен келісім рөлін арттыруға бағытталған бірлескен жұмыстарды дамыту қажеттігін атап өтті.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы қазан айындағы Австрияға ресми сапары барысында екі форумның күш-жігерін біріктіруді ұсынған болатын. Біз дінаралық және конфессияаралық үнқатысу мен келісімді нығайту саласында жинақталған мол тәжірибемізді Өркениеттер альянсы­мен бөлісуге әзірміз», – деп атап өтті Сенат Төрағасы.