16 Наурыз, 2020

Даниал Ахметов: 15 күн ішінде облысты маскамен қамтамасыз етеміз

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 миллион маска жасау міндеті тұр.

Даниал Ахметов:  15 күн ішінде облысты маскамен қамтамасыз етеміз

 

 Облыс әкімі Даниал Ахметов Семейде бірнеше мәрте қолданылатын маскалар тігіліп жатқанын хабарлады.

ма

маска

«Біз тәулігіне 100 мың дана маска өндіруді жоспарлап отырмыз. Осылайша 15 күн ішінде облысты қамтамасыз етеміз. Кәсіпорындар алдында қысқа мерзім ішінде кем дегенде 6 миллион маска жасау міндеті тұр. Шикізат мәселесі шешілді. Өндірістің негізгі көлемін Семей қаласының тігін компаниялары орындайды. Атап айтқанда, "Семейспецсанб", "УК Юнис" мекемелері. Облыстың 10 кәсіпорынымен қосымша келісімшарт жасалынды. Бүгіннен бастап олар тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Әсіресе, мақта-мата материалынан "Ук Юнис" ЖШС жасайтын бірнеше мәрте қолдануға болатын маскалардың сапасын ерекше атап өткім келеді. Тоқыма-тігін кәсіпорны шикізаттың барлық түрін, тіпті резеңкеге дейін өздері өндіреді.

м

Төтенше жағдайларда іске асырылатын жоспарға сәйкес тауардың 100 мың данасын бюджеттік ұйымдарға таратамыз. Яғни, дәрігерлер, полиция қызметкерлері, ұлттық ұлан сарбаздарына, тәрбиешілер мен мұғалімдерге. Қалған көлемі дәріханалар желісіне нақтыланған бағалар бойынша бөлшек саудаға түседі» деп жазды аймақ басшысы өзінің фейсбуктегі парақшасында.

ӨСКЕМЕН

 

Суреттер облыс әкімінің фейсбуктегі парақшасынан алынды