23 Тамыз, 2013

Ғаламдық этика Жер планетасын қорғайды

392 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанада 23 тамызда басталатын «Мәдениеттер жа­қын­дасуының халықаралық онжылдығының» ресми тұсаукесері аясында ЮНЕСКО-ның «Ғаламдық этика: Жер планетасын сақтаймыз» атты халықаралық конференциясы болып өтті. Онда жердегі әлеуметтік және мәдени жүйелердің тұрақ­ты­лығын сақтауды көздейтін «Жаһандық этиканың» өзекті мә­се­лелерін қолдау және дамыту жолында халықаралық қоғам­дастықтың күш-жігерін үйлестіру жайы талқыланды.

Астанада 23 тамызда басталатын «Мәдениеттер жа­қын­дасуының халықаралық онжылдығының» ресми тұсаукесері аясында ЮНЕСКО-ның «Ғаламдық этика: Жер планетасын сақтаймыз» атты халықаралық конференциясы болып өтті. Онда жердегі әлеуметтік және мәдени жүйелердің тұрақ­ты­лығын сақтауды көздейтін «Жаһандық этиканың» өзекті мә­се­лелерін қолдау және дамыту жолында халықаралық қоғам­дастықтың күш-жігерін үйлестіру жайы талқыланды.

Конференцияныңбас­тымақ­сатыадамныңәмбебапқұ­қық­тарынанегізделгенғаламдықэтиканыынталандыру, мәде­ниет­аралықдиалогпенбаршаүшінәлеуметтіктеңдіктіорнатуар­қы­лытұрақтыдамудыоданәріқам­тамасызетуболыптабыл­ады. Ал іс-шараның ашылу салтанатына ЮНЕСКО мен ИСЕСКО істері жө­ніндегі Қа­зақ­стан ұлттық комис­сиясы­ның төрағасы Иманғали Тас­ма­ғамбетов, Қазақстан Пар­ла­менті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева, Мәдениет жә­не ақ­парат вице-министрі Ас­қар Бөрібаев, ЮНЕСКО-ның Бү­кіләлемдік клубтар, орталықтар, ассоциациялар федерациясының президенті Джордж Христофидес, ЮНЕСКО-ның Азия-Тынық мұхит клубтар, орталықтар және ассоциациялар федерациясының пре­зиденті Джей Кун Ю қатысты.

– Бұл жолғы диалог алдағы ай­да Нью-Йоркте орналасқан БҰҰ-ның бас кеңсесінде жалға­сын табады. Онда жаһандық құн­ды­­лық­­тар жайы ортаға түседі. Ең маңыз­дысы, біз осы форумда тү­­зілген ұсыныстарымызды сон­­да түгел ұсынатын боламыз, – деді Джордж Христофидес. – Бү­гін біз, сәл кешірек, арнайы ко­мис­сия жұмысының нәтижесін көре­міз: комиссия бізге «Астана Дек­ларациясының» жобасын ұсы­нады. Осының барлығы қазіргі кез­де Астананың өте маңызды рөл атқаратындығына айғақ бола ала­ды.

Ол өз сөзінде сонымен қа­тар, Еуропа мен Азияның орта­сында, Еуразия жүрегінде орна­лас­қандықтан, Қазақстанның мә­де­ниеттерді жақындастырудың жа­һан­дық ауқымдағы үрдісінде атқа­ратын рөлінің айрықша екеніне назар аударды. Бұдан кейін Джей Кун Ю бұл істегі Қазақстан лидерінің ерек­ше еңбегін атап өтті.

– Мен Қазақстандағы тұл­ға­лар­дың әлемдегі бейбітшілік пен келісімге қатысты көптеген мәсе­лелер бойынша үлкен қам­қор­лық танытып отырғанына куә болдым, – деді ол. – Қазақстан қонақжай, достық пейілдегі мейір­бан ел болып табылады. Қазақ елі көптеген мәдениеттердің мұ­ра­сына ие. Қазақ елінен біз үйле­сім­нің үлгісін көріп отырмыз. Осы­ның арқасында Қазақстан ай­тар­лықтай экономикалық өсім­ге қол жеткізуде. Мұның бар­лығы таңғалдырады, таңдай қақ­ты­рады. Қазақстан қоғамы айқын жолдың арқасында тұрақты дамуда. Қазақ елінде орныққан құндылықтар дамумен үндесуде.

Конференцияға қатысушылар бүгін «Мәдениеттер жақын­да­­суының халықаралық он­жыл­ды­ғының» тұсаукесеріне қатысады.

Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Суретті түсірген

Ерлан ОМАРОВ.