23 Тамыз, 2013

Дала аруының анасы

310 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

...Тіршіліктің қайнар көзі бұрқылдап жатқан жазиралы Жаркент жеріне жолымыз түскенде Панфилов ауданының бұрынғы әкімі, бүгінде Жамбыл ауданының тізгінін ұстап отырған Махаббат Бигелдиев еңбектен бақытын тапқан Еңбек Ерлері Күләш Айтжанова мен Адалят Машурова есімдерін бірінші кезекте айтқан еді. Республикамызда жүгері өндіретін бірден-бір ауданда жүгеріден мол өнім алып, өз заманында еңбектің көрігін қыздырған сол аналарға жолықтық.

...Тіршіліктің қайнар көзі бұрқылдап жатқан жазиралы Жаркент жеріне жолымыз түскенде Панфилов ауданының бұрынғы әкімі, бүгінде Жамбыл ауданының тізгінін ұстап отырған Махаббат Бигелдиев еңбектен бақытын тапқан Еңбек Ерлері Күләш Айтжанова мен Адалят Машурова есімдерін бірінші кезекте айтқан еді. Республикамызда жүгері өндіретін бірден-бір ауданда жүгеріден мол өнім алып, өз заманында еңбектің көрігін қыздырған сол аналарға жолықтық.

«Аллатағала: «Адамғағұмырбердім, көретінжарық, тататындәм, таусылмасарманбердім, бірақниетінөзінеқалдырдым», депті. Қандай жұмыс істесем де тек жақсы деген баға алып, халық құрметіне бөлендім. Сол елім «ой, Адалятім-ай, қазақ, ұйғырға бірдей Адалятім-ай» дейтін. Қазір ойлап отырсам омырауыма Алтын Жұлдыз таққаным да бір тарихи оқиға екен. Таңертең қора сыпырып жүрсем, ауылдық кеңестің төрағасы апа сізге Еңбек Ері атағы келді ғой дегенде сенерімді де, сенбесімді де білмедім. Артынша гүл шоқтарын көтерген оқушылар мәз болып құттықтап, арты ересектер лебізімен жалғасты. Қуаныштан жылап жүргендері де бар. Ең басты ұстанымым – әділдіктің ақ туын желбірету, иә әркім сыйласқанның құлы. Күрежолдың үстіңгі жағында Күләш Ахметова жүгері өсіріп Еңбек Ері атанса, сол жолдың астыңғы қабатында мен еңбек еттім. Арамызда пайда болған жақсы бір сыйластықты еңбекпен байланыстырамын. Атын тура атамай Күләтәйім деймін. Қатар жүріп жүгері егілетін алқаптар құнарлылығын арттыру үшін ағаш көшетін тігіп, топырақтың қуаттылығын арттырып, гүлдеген соң, отайтынбыз. Еліме разымын. Кешегі еңбек туралы айтсам, алқапқа бір тас түссе ой бұл тас тұқым сепкішке зия­нын тигізеді ғой деп шыр-пырымыз шығатын. Аяғымыздан резеңке етігімізді шешпей жүгерінің әр сабағына су жетуін қамтитынбыз. Ең бастысы, жүрегімізбен беріле еңбек ететін едік. Қазір сондай диқандар жоқ шығар. Әйел заты болсақ та ер азаматтардан кем қалмай жұмыс істедік», деді Адалят Машурова.

Көптеген марапатаулардың ішінде Адалят апа Машурова үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1945 жылы 6 маусымдағы «Ұлы отан соғысындағы еңбегі үшін» медалі өте қадірлі. Енді ше, 15 жастағы қыз үшін бұл үлкен марапат емес пе. 1966 жылы «Вир-156» сортының әр гектарынан 60 центнердің орнына 80 центнер өнім алғаны үшін үлкен құрметке бөленіп, 1971 жылы Ленин ордені, 1979 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Алтын Жұлдыз және Ленин ордені тапсырылды. 2000 жылы Панфилов ауданының, ал 2008 жылы «Алматы облысының құрметті азаматы» атағы, 2013 жылы «Кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы қызметкерлері ассоциациясы» республикалық қоғамдық қоры жанынан құралған «Қазақстан меценаттар клубы» тағайындаған «Илһам» сыйлығы табысталды.

«Шежін ауылында қазақтың хас суретшісі Әбілхан Қастеев атамен көрші тұрып, балаларымен бірге өстім. 2 жасымда әкем соғысқа аттанып, құдайдың құдіретімен шешем екеуміз қалдық. Тұрмыстық жағдай әсер етті ме, әйтеуір, бір күш пайда болды. Шешем Шежіннің тасын санап, кетпен шауып өтті. 8 жасымда шешемнің етегінен ұстап айырылмағандықтан шығар, жарықтық, «Осы кетпен менімен кетсін, бала болып ойнасаңшы» деп ұрсатын. Сонда менің кетпенім құтты кетпен деп жұмыс арасында демалып отырған әйелдер отырған жерді шыр айналдыра шауып тастайтын едім. 13 жасымда колхозға мүше болып, қой қырқумен жұмысым басталды. Бірде құлап түсем, бірде шашымды тросс жұлып кетеді. Бірақ алған бетімнен қайтпай күніне 80-90 қой қырқатынмын. Сөйтіп Айтжанның қырықтықшы қызы деген атақ алдым. Сол атақ жұмысқа деген құлшынысымды арттырды. 1957 жылы тұрмысқа шығып, әйелдермен бірге жүгері өсіруге кірістім. Оның басты себепкері уақыт атты төреші десем қателеспеймін. Замана талабыны сәйкес тең-тұстарым республикамыздың әр түкпірінен ерен еңбек үлгісін көрсетуге топтар құрып, бастамалар көтерге