23 Тамыз, 2013

Халықтың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттің негізгі міндеті

1503 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Біздің мемлекетіміздің дамуының және гүлденуінің берік іргетасы әрі кепілі болған еліміздің басты заңы – Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына биыл он сегіз жыл толып отыр. Оның негізінде, елімізде біздің қоғамымыздың басты құндылығы саналатын адамның дамуына, оның әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды қайта құрулар жүзеге асырылды.

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында халық өмірінің сапасын арттыру мәселесі мемлекетіміздегі әлеуметтік саясаттың маңызды міндеті саналды және солай болып қала бермек.

«Қазақстан-2030» Стратегиясына сәйкес әлеуметтік қамсыздандырудың ұлттық үлгісі қалыптастырылды және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды әлеуметтік бағдарламалар қабылданды.

Халықты жұмыспен қамтудың тұрақты өсуі – бұл біз қол жеткізген алғашқы маңызды нәтиже. Елімізде жұмыссыздық деңгейі 2000 жылғы 12,8 пайыздық көрсеткішпен салыстырғанда 2005 жылы 8,1 пайызға дейін, 2012 жылғы 5,3 пайыздық көрсеткіш 2013 жылдың 2-тоқсанымен салыстырғанда 5,2 пайызға төмендеді. Бұл өз кезегінде 2011 жылы қолға алынған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асырумен байланысты болды. Оның іске асырылуына республикалық бюджеттен 200 млрд. теңге бөлінді, нәтижесінде 235 мың адам (ү.ж. 1 тамыздағы жағдай бойынша) мемлекеттік қолдауға ие болды. Оның ішінде:

Біздің мемлекетіміздің дамуының және гүлденуінің берік іргетасы әрі кепілі болған еліміздің басты заңы – Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына биыл он сегіз жыл толып отыр. Оның негізінде, елімізде біздің қоғамымыздың басты құндылығы саналатын адамның дамуына, оның әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды қайта құрулар жүзеге асырылды.

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында халық өмірінің сапасын арттыру мәселесі мемлекетіміздегі әлеуметтік саясаттың маңызды міндеті саналды және солай болып қала бермек.

«Қазақстан-2030» Стратегиясына сәйкес әлеуметтік қамсыздандырудың ұлттық үлгісі қалыптастырылды және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды әлеуметтік бағдарламалар қабылданды.

Халықты жұмыспен қамтудың тұрақты өсуі – бұл біз қол жеткізген алғашқы маңызды нәтиже. Елімізде жұмыссыздық деңгейі 2000 жылғы 12,8 пайыздық көрсеткішпен салыстырғанда 2005 жылы 8,1 пайызға дейін, 2012 жылғы 5,3 пайыздық көрсеткіш 2013 жылдың 2-тоқсанымен салыстырғанда 5,2 пайызға төмендеді. Бұл өз кезегінде 2011 жылы қолға алынған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асырумен байланысты болды. Оның іске асырылуына республикалық бюджеттен 200 млрд. теңге бөлінді, нәтижесінде 235 мың адам (ү.ж. 1 тамыздағы жағдай бойынша) мемлекеттік қолдауға ие болды. Оның ішінде:

– 100 мыңнан астам адам оқыту мен қайта даярлаудан өтті. Оқуды аяқтаған қаты­сушының 82 %-ы жұмысқа орналастырылды;

– 35,0 мыңға жуық жас мамандар жастар практикасына қатысты және халықтың нысаналы топтарынан 63,0 мыңнан астам адам әлеуметтік жұмыс орындарында уақытша жұмыспен қамтамасыз етілді;

– Бағдарламаның 12 мыңға жуық қаты­сушысына жалпы сомасы 23,9 млрд. теңгеге жуық кәсіпкерлікті дамытуға арналған микрокредиттер берілді;

– 10 мыңнан астам адам (2,8 мың отбасы) тоқырауға ұшыраған өңірлерден экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге қоныс аударды, оның басым бөлігі жұмысқа орналастырылды.

Экономикалық белсенділік халықтың табысын арттыруға мүмкіндік берді. Соңғы 15 жыл ішінде қазақстандықтардың табысы 16 есеге артты. Бір қызметкердің орташа айлық табысы он есеге дейін, оның ішінде бюджеттік сала қызметкерінің табысы 10,7 есеге артты. Экономикалық қызметтің түр­лері бойынша 2013 жылғы қаңтар-маусым айларында оның көлемі 104 135 теңгені құрады.

Мемлекетіміздің әлеуметтік қор­ғау­ын­дағы азаматтар ең жоғары қолдауға ие. Қарттық, бала туу, жазатайым оқи­ға­лар, денсаулық мәселелері, еңбекке қабі­лет­сіздіктің, жұмыссыздықтың алдын алу және шешу – Қазақстан Республикасының Үкіметі өзінің ерекше қамқорлығына алған негізгі міндеттер болып саналады.

Әлемнің көптеген елдері халықты әлеу­мет­тік қолдауды шектеп қойған тұста Мем­лекет басшысының тапсырмаларына сәйкес әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайларына қарамастан бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақылары, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына берілетін зейнетақы мен төлемдер арттырылып отырды. Осылайша, әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік қолдауға арналған Республикалық бюджеттегі шығындар 2000 жылғы 151,0 млрд. теңгеден 2013 жылы 1 371 млрд. теңгеге дейін артты.

Республикалық бюджеттен төленетін әлеуметтік төлемдерді ай сайын 4 млн. адам немесе ел халқының төрттен бір бөлігіне жуығы алып отырады. Бұлар түрлі себептер бойынша әлі еңбек ете алмайтын немесе еңбек етуге мүмкіндігі жоқ және өз өмірін өз бетінше құра алмайтын адамдар.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 1,8 млн.-нан астам зейнеткер өмір сүруде. 2000 жылмен салыстырғанда олардың зейнет­ақыларының орташа мөлшері 10 есеге (4298 теңгеден 41790 теңгеге дейін) артты. Сондай-ақ, ҰОС қатысушыларына және мүгедектеріне, ҰОС-та қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне, жетімдерге, егде жастағы адамдарға, бұрын зиянды өндіріс жағдайларында жұмыс істеген аза­маттарға төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәр­демақылардың да мөлшерлері тиісінше арттырылды.

Отбасыларды әлеуметтік қолдау мақ­сатында және өсіп келе жатқан ұрпақтың дамуына қажетті жағдай жасау үшін ана мен баланы қолдаудың ұлттық үлгісі құрылды. Бүгінде бала туғанда берілетін бірреттік мемлекеттік жәрдемақыны, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі үшін берілетін жәрдемақыны, аз қамтылған отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақыны, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға берілетін жәрдемақыны алатын 400 мыңнан астам адам бар. Бұл ретте, бала туғанда берілетін жәрдемақының мөлшері осы норма енгізілгелі, яғни 2003 жылмен салыстырғанда орта есеппен 5 есеге дейін, ал, бала күтімі үшін берілетін жәрдемақының мөлшері 3,1 есеге дейін арттырылды.

Отбасын нығайтуға, ұлттық құн­дылық­тарды және көпбалалы отба­сылардың дәстүрін сақтауға бағытталған өзге де шаралар қабылдануда. Балалы отбасыларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау туу деңгейінің өсуіне оң әсерін тигізді, яғни туу көрсеткіші соңғы бес жыл ішінде біржарым есеге артты. Қазірде төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасылар қатары екі жүз мыңға жуықтады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілгелі бері осы жүйенің қатысушыларына еңбек қабілетінен және асыраушысынан айырылуына, жүктілігі мен босануына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдер үшін 330,5 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалған.

Бұдан әрі әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамыту қолға алынды. Елімізде 80 мыңнан астам азаматқа (мүгедектерге, қарт адамдарға) 103 медициналық-әлеу­мет­тік мекемеде, мүгедектерге арналған 16 оңалту орталығында, 35 күндіз болу бөлім­шесінде және үйде қызмет көрсетудің 506 бөлімшесінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіліп келеді.

БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары ту­ралы Конвенциясына және аталған Кон­вен­цияға Факультативтік хаттамаға 2008 жылы қол қоя отырып, Қазақстан мүгедек­терге қатысты халықаралық стандарттарды енгізу (имплементация) жөніндегі міндеттемелерді қабылдады. Осыларға сәйкес, қазіргі уақытта дағдылы ортаны қамта­масыз етуге, өмірлік міндеттерін қалып­қа келтіруге қажетті жағдайлар жасау­ға бағытталған Мүгедектердің өмір сүру сапа­сын қамтамасыз ету және жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу қолға алынды.

Мүгедектердің мәселелеріне оң көзқарас қалыптастыру, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық бастамаларын дамыту мақсатында биыл «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты алғашқы республикалық конкурс өткізілуде. Бүгінде аталмыш конкурсқа қатысушылар саны 5,2 мыңға жетті.

Ел Үкіметі жүргізіп отырған белсенді әлеуметтік саясат кедейлік деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді. 2000 жылмен салыстырғанда табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың саны 7,8 есеге дейін азайған. Демек, 2003 жылдан бері атаулы әлеуметтік көмек алушылардың да үлесі 12 есеге (97,3 мың адамға дейін) азайды деген сөз.

Мемлекет басшысы өзінің «Қазақ­станның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жал­пыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында тәуелсіздік жылдары әлеуметтік еңбек саласында атқарылған істерді қорытындылай келе, әлеуметтік мемлекеттің берік іргетасы қаланғандығын, қазақстандықтардың сапалы өмір сүру стандартының ұдайы дамып келе жатқандығын ерекше атап өтті.

Елбасы Н.Назарбаев қол жеткізілген жетістіктерге нақты баға бере отырып, «Қа­зақстан-2050» Стратегиясында ел азамат­тарының тұрақтылық пен әл-ауқат жемі­сін тиімді пайдаланудың жаңа міндетін айқындап берді. «Әрбір қазақстандыққа қамқор болу... өмір және біздің еліміздің барлық азаматтарын