24 Тамыз, 2013

Құрметпен ғана емес, құнттылықпен де қарау парыз

352 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Биыл қолданыстағы Ата Заңымызды қабылдағанымызға он сегіз жыл толып отыр. Өткенді зерделеп, тарихқа көз жүгіртсек Конституция Қазақстанда тұңғыш рет 1924 жылы одан кейін, 1937, 1978, 1993, 1995 жылдары қабылданды. Ал қазіргі қолданылып жүрген конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған. Оған дейін, яғни Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 28 қаңтарда өзінің алғашқы Ата Заңын қабылдаған болатын. Бірақ 1993 жылғы Конституция ескі әкімшілік-әміршілдік ережелеріне, көбінесе кеңестік саясат қағидаларына негізделгендіктен, жаңа қоғам өмірінің талабына жауап бере алмады. Онда адам құқықтары мен бостандықтары, оларды жүзеге асыру қағидалары, мемлекеттік басқару билігін жүзеге асыру нысандары, басқару саласындағы демократиялық институттардың қызметі жете көрсетілмеген еді. Осыған орай 1995 жылы Конституция қабылданды. Жаңа Конституцияның ерекшеліктері заң шығарушы, атқарушы сот билігін белгілеп, олардың құзыретін, өзара іс-қимыл бірлігін заң тұрғысынан айқындап береді.

Конституция күні – мемлекеттік мереке. Парламент қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін Ата Заңымыз жаңа сипатқа ие болып, еліміздегі демократиялық реформалар те­реңдей түсті. Мемлекетіміз пре­зиденттік-парламенттік басқару тұрпатына көшті. Енді елімізде партиялық сайлау жүйесі енгізіліп, Парламент Мәжілісінің сайлауы жаңа сайлау ережелері бойынша жүзеге асырылды.

Еліміздің Ата Заңы адамзат баласының жүздеген жылдар бойы қалыптасқан жалпы құндылықтарын өз бойына сіңірді. Конституциямызда адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтары, билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру және дамыту, Қазақстан аумағында азаматтық қоғам құру туралы дүниежүзі таныған прогрессивті идеялар бекітілді. Ол елімізде сан алуан идеологиялық, сенімдік, ұлттық, азаматтық ұжымдар мен топтардың бірлесіп бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған. Конституциямызда бекітілген нормалар Қазақстан Республикасын гүлдендіру мақсатында еліміздің барлық азаматтарының бірлесіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қызмет етуі үшін жағдай жасайды.

Заңымыздағы оңтайлы өзге­ріс сот реформасын жүргізу мәселесін де айналып өткен жоқ. Конституцияда сот жүйесіне бөлек тарау арналған, өйткені, құқықтық мемлекеттегі соттардың алар орны ерекше. Сот Конституцияны, Конституциялық заңдарды өздерінің күнделікті жұмысында қолданатын биліктің бірден-бір бөлігі болып танылады. Сот төрелігін жүргізуде судьялар тек қана Конституция мен заңға бағынып, соттардың тәуелсіздігі Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітіліп, оларды Конституциялық заң қорғайды.

Конституция соттарды заң және атқарушы билікпен терезесі тең биліктің бір тармағы ретінде жариялады. Конституция – соттар тәуелсіздігінің негізгі кепілі, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және соттар мәртебесі туралы» заңға сәйкес Қазақстан соттары тәуелсіздік алып, сот жүйесі жариялылық жолына түсті. Жергілікті соттарға тағайындаулар, олардың дербестігі, қағидалары конституциялық деңгейде бекітілді. Яғни судьяларды тағайындаудағы жариял