2013 жылғы 29 сәуір, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі №405 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергiлiктi қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 965 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 52, 497-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау және ұсыну қағидасында:
9, 10, 11, 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жер қойнауын пайдаланушы, жыл сайын жылдық сатып алу жүргізу үшін жоспарланған 1 ақпаннан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, 1-нысан бойынша EXCEL форматында электрондық түрде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.
Жер қойнауын пайдаланушы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу кезінде 1-нысан бойынша EXCEL форматында электрондық түрде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді және оларды өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен осы өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты бес жұмыс күні ішінде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.
10. Жер қойнауын пайдаланушы, жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, 2, 3-нысандар бойынша EXCEL форматында электрондық түрде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламаларын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.
11. Жер қойнауын пайдаланушы, тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, 4-нысан, 1 және 2-бөлігі бойынша EXCEL форматында электрондық түрде, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға есеп береді және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.
12. Жер қойнауын пайдаланушы, тоқсан
сайын және жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, 5-нысанға сәйкес экрандық нысанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен кадрлардағы жергiлiктi қaмту жөнiндегi міндеттемелерді орындау туралы есепті индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.».
2. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 қазандағы № 1018 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 54, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың қағидасында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жер қойнауын пайдаланушы, тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей нысан бойынша EXCEL форматында электрондық түрде, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға есеп береді және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.».
3. «Жер қойнауын пайдалануға арналған модельдік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 1412 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 6, 83-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген барлауға арналған модельдік келісімшартта:
«Анықтамалар» деген 1-бөлімде:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтуды есептеу үшін қолданылатын тәртіп;»;
18), 19 және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«18) кадрлардағы жергілікті қамту — келісімшартты орындау кезінде жұмысшылар мен қызметшілердің әрбір санаты бойынша бөле отырып, жұмысқа тартылған персоналдың жалпы санындағы қазақстандық кадрлардың пайызбен алғандағы саны;
19) тауардағы жергілікті қамту — Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, пайдаланылатын жергілікті материалдар құнының және тауарларды өндірушінің тауарды қайта өңдеуге жұмсаған шығындарының тaуaрдың түпкi құнындaғы пайыздық үлесі;
20) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) жергілікті қамту — жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардың құны және қосалқы мердігерлік шарттардың бағалары шегеріле отырып, жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардағы, шарттың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бағасындағы, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жұмыс (қызметті) орындаушының еңбегіне ақы төлеу қорындағы жергілікті қамту құнының жалпы жиынтық үлесі;»;
«Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері» деген 7-бөлімде:
2-тармақта:
14), 1
5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«14) жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес мердігер ұйымдарды тартқан кезде конкурс шарттарында тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша талаптарды көздеуге;
15) барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт бойынша жергілікті қамту көлемі тауарларға қатынасы бойынша______пайызды, жұмыстарға қатынасы бойынша______пайызды, көрсетілетін қызметтерге қатынасы бойынша______пайызды құруға, оның ішінде жылдар бойынша:
Жыл тауарлар жұмыстар қызметтер
1 жыл
2 жыл
…
(бағалау кезінде)
»;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептер ұсынуға;»;
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«30) жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей құзыретті органға кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есепті ұсынуға;»;
39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«39)* тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілер көрсететін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды келісімшарттық қызмет бойынша жиынтық жылдық табыстың кемінде бір пайызы мөлшерінде жыл сайын жүзеге асыруға міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты емес, қосылған құны жоғары өнімді (қайта жасалуы жоғары) алуға бағытталған жұмыстарға, экология, еңбекті қорғау, жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету, өндірістік қызмет шеңберінде (технологиялық цикл) энергия үнемдеуге жұмсаған нақты шығыстары және «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қаржыландыруға арналған шығыстары оның ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындауы болып табылады.
Ескертпе*: осы тармақшаның ережелері келісімшарттардың мынадай:
жалпы таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған;
жерасты суларын барлауға арналған;
емдік балшықтарды барлауға арналған;»;
мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
«39-1) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар және тәртіп бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есеп беруге;»;
43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«43) жергілікті қамту бөлігіндегі, жер қойнауын пайдаланушымен тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтерді сатып алуды жоспарлау және жүргізу туралы, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға шығындар туралы келісімшарттық міндеттемелерді орындауға қатысты ақпаратты қоспағанда, бaрлaу жөніндегі операциялардың мазмұны туралы ақпаратты үшінші тұлғaлaрғa тараптардың ортақ келісімімен ғана беруге;»;
50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«50) кен орындарындағы сынамалы пайдалану кезінде мұнайды өткізудің техникалық-экономикалық негіздемеде қабылданған есептік бағалары шегінде мұнай мен газ саласындағы уәкілетті орган бекітетін кестелерде айқындалған көлемдерде Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тысқары жерлерде өңдеуге арналған шикі мұнайды жеткізуге;»;
«Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін жауа
пкершілігі» деген 19-бөлімде:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердегі жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының 30 % мөлшерінде;
2) кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін 2000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде;»;
«Құпиялылық» деген 21-бөлімде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жергілікті қамту бөлігінде келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және өткізуі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға шығындар және өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мен оның инфрақұрылымын дамытуға жұмсалған шығындары туралы ақпарат құпия болып табылмайды.»;
барлауға арналған модельдік келісімшартқа 1-қосымшадағы:
«Қазақстан Республикасы аумағындағы ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын шығындар, мың теңге/$» деген жол алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген өндіруге арналған модельдік келісімшартта:
«Анықтамалар» деген 1-бөлімде:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі — Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтуды есептеу үшін қолданылатын тәртіп;»;
18), 19) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«18) кадрлардағы жергілікті қамту — келісімшартты орындау кезінде жұмысшылар мен қызметшілердің әрбір санаты бойынша бөле отырып, жұмысқа тартылған персоналдың жалпы санындағы қазақстандық кадрлардың пайызбен алғандағы саны;
19) тауардағы жергілікті қамту — Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, тауарды қайта өңдеуге пайдаланылатын жергілікті материалдар құнының және тауарларды өндіруші шығындарының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық үлесi;
20) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) жергілікті қамту — жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардың құны және қосалқы мердігерлік шарттардың бағалары шегеріле отырып, жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардағы, шарттың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бағасындағы, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жұмыс орындаушының еңбегіне (қызмет көрсетуге) ақы төлеу қорындағы жергілікті қамту құнының жалпы жиынтық үлесі;»;
«Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері» деген 7-бөлімде:
2-тармақта:
14), 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«14) жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес мердігер ұйымдарды тартқан кезде конкурс шарттарында тауардағы, жұмыстағы, көрсетілетін қызметтегі жергілікті қамту бойынша талаптарды көздеуге;
15) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт бойынша жергілікті қамту көлемі тауарларға қатынасы бойынша______пайызды, жұмыстарға қатынасы бойынша______пайызды, көрсетілетін қызметтерге қатынасы бойынша______пайызды құруға, оның ішінде жылдар бойынша:
Жыл тауарлар жұмыстар қызметтер
1 жыл
2 жыл
…
(бағалау кезінде)
»;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнiнен кешіктірмей құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептер ұсынуға;»;
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«30) жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей құзыретті органға кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есепті ұсынуға;»;
39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«39)* тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілер көрсететін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды келiсiмшaрттық қызмет бойынша жиынтық жылдық табыстың кемінде бір пайызы мөлшерінде жыл сайын жүзеге асыруға міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық ж