2013 жылғы 30 сәуір, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №96 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы №449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №96 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №18, 213-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3.1-кіші бөлімде:
«Қазақстан халқын біріктіру факторы ретінде төзімді тілдік орта құру» деген 3-стратегиялық бағытта:
«Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіру функцияларын кеңейту» деген 3.1.1-міндетте:
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларда:
мына:
« Қазақстанның барлық азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру
Х
Х Х Х Х
»;
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
« Қазақ тілін латын графикасына ауыстыру жөніндегі дайындық жұмысын жүргізу - - Х Х Х
»;
мына:
« Мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейту және мәртебесін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
Х
Х
Х
Х
Х
»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
« Мемлекеттік тілді танымал етуге, оның беделін арттыруға және қолдану саласын кеңейтуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
Х
Х
Х
Х
Х
»;
мына:
« Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелендіру жұмыстарын ұйымдастыру (ономастика, терминология, антропонимика саласында)
Х
Х
Х
Х
Х
»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
« Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру, жаңғырту және жүйелендіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру (ономастика, терминология, антропонимика саласында)
Х
Х
Х
Х
Х
»;
«Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау» деген 3.1.2-міндетте:
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларда:
мына:
« Шет тілдерін оқыту үдерісінің кең білім беру кеңістігін сақтау жұмыстарын жүргізу Х Х Х Х Х
»;
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
« Үштілділікті енгізуді ынталандыруға бағытталған шараларды әзірлеу - - Х - -
»;
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.