Қазақстан • 20 Наурыз, 2020

Кедендік тексерулерге байланысты жекелеген шектеулер енгізілді

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы шаралары аясында және қауіпсіздіктің күшейтілген режимінің енгізілуіне орай кедендік тексерістер бойынша бірқатар қызмет тоқтатылғанын хабарлайды.

Кедендік тексерулерге байланысты жекелеген шектеулер енгізілді

Атап айтқанда, кедендік тексеріс құжаттарын және кедендік құжаттар мен мәліметтерін беру (тексеріс актілері, хабарламалар, талап қою), тағайындалған көшпелі кедендік тексерістер тоқтатылады. Сондай-ақ көшпелі кедендік тексерісті тағайындауды Қылмыстық-процессуалдық Кодексімен көрсетілген («ҚР кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 418-бабы 10-тармағы 10-тармақшасына  сай) жағдайлардан басқа шектеу қойылады. Бұған қоса, мемлекеттік кірістер органдары мен декларант арасындағы ҚР Кодексінің 26 және 65-баптарына сай және Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 23-ақпанындағы №264 бұйрығына сәйкес, консультация жүргізу  сұрақтары бойынша  азаматтарды қабылдау тоқтатылады. Сол секілді импорттық тауарларды қолдану бойынша есептілік табыстау уақыты өзгертілді, онын ішінде Қаржы министрлігінің №367 бұйрығымен бекітілген ЕАЭО СЭҚ ТН белгіленгеннен төмен мөлшерде әкелінген кедендік баж қолданылған тауарлар үшін есептілікті тоқсаннан жарты жылдықта бір рет келесі айдың 10-на дейінге өзгертілді.

Мемлекеттік кірістер комитеті, қызметтің басым бөлігі қашықтан жұмыс істеу тәсіліне көшкендіктен, төмендегі сілтемелер бойынша электронды қызметтерді қолдануды сұрайды.

ҚР ҚМ МКК сайты  www. kgd.gov.kz,

Facebook https://www.facebook.com/kgd.gov.kz/,

Instagram https://instagram.com/press_kyzmet_kgd?igshid=wynzmg0u44w6

Twitter https://twitter.com/KGD_MF_RK

Телеграм t.me/kgdmfrk

egov.kz порталындағы МКК Төрағасының блог-платформасы