Бұл көмек пакеті үшінші құжат. Оны АҚШ Конгресі мақұлдап, оған президент Трамп қол қояды. Алдыңғы екі көмек пакетінде жұмысшыларға 100 миллиард долларлық ақы төленетін еңбек демалысын беру, жұмыссыздықтан сақтандыру және АҚШ-тың коронавирустық тегін тестілеуін қамтамасыз етуге бағытталды. Осы құжат шеңберінде мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне 8,3 миллиард доллар көмек беруді заңдастырады.
Заң шығарушылар барлық тараптың кез келген жағдайда бірінші кезекте келісімге басымдық беруін талап етіп отыр. Себебі уақыт тығыз. Дерттің жаулап алған аумағы ұлғайып барады. Сол себепті олар тек федеральды резервтің емес, жекелеген адамдардың да көмегінен үміттеніп отыр.
Reuters агенттігінің хабарлауынша АҚШ-тың қаржы министрі Стивен Мнучин Конгрессті тезірек әрекет етуге және келесі аптаның басында экономикалық ынталандыру шараларын қабылдауға шақырды.
Кеше кешкісін «Fox Business Network» ақпараттық порталына берген сұхбатында федеральды үкіметтің АҚШ компанияларына өтімділікті, оның ішінде жаңа қарыз міндеттемелерін беру арқылы қамтамасыз етуге баса назар аударатынын және бизнес несиелерін өтеу жоспарланғанын айтты.
Ынталандыру шараларының жалпы жиынтығы Обама әкімшілігінің 2008-2009 жылдардағы қаржылық дағдарыс кезінде қабылдаған шараларынан асып түсіп, 800 миллиард долларға жетті.
АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі мемлекеттік және басқа облигацияларды сатып алу арқылы экономиканы өтімділікпен қамтамасыз ету үшін 700 миллиард долларға сандық жұмсарту бағдарламасын жүргізумен қатар, пайыздық мөлшерлемелерді нөлге дейін төмендетті.
Вашингтондағы Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының сарапшысы Стефани Сегал (журналистермен телефон арқылы сөйлескен кезде заң шығарушылар өте тез әрекет етіп, түрлі шаралар қабылдайтынын атап өтті.
«Қазіргі жағдайда, 2008-2009 жылдардағы қаржылық дағдарыс кезінде жіберілген қателіктер көп жағдайда ескерілді», дейді сарапшы.
Сарапшының пайымдауынша саясаткерлер 2008 жылғы дағдарыстың сабақтары туралы білді АҚШ бизнесі үкіметтік органдармен интеграциялауға асығып, көмек қолын созып жатыр.
«Олар қазіргі экономикалық күйзеліс қаржы ағынын тежейтін қаржылық дағдарысқа айналатын сценарийдің алдын алуға тырысуда», дейді ақша-кредит саясаты саласындағы сарапшы.
Сондай-ақ сарапшы 2007-2008 жылғы жаһандық қаржылық дағдарыс ипотекалық тұрғын үй кепілдігімен байланысты екенін еске түсірді.
«Бізге көмек жаңа экономикалық дағдарыстың алдын алу үшін қажет. АҚШ үкіметі түшкірсе, әлемнің экономикасының өкпесі дерттенеді. Алдыңғы дағдарыста АҚШ билігі экономикалық шаралар қабылдауға және індетті біржола тоқтатуға соншалықты мән бермеді. Мұны қарапайым тілмен айтқанда сүйек пен тері арасындағы жел деп бағалады. Тиісті шараларды кешіктіруді бүгін қолға алмасақ америкалықтардың қарғысына ұшыраймыз. Себебі бұған дейінгі дағдарысты қазіргі дағдарыспен салыстыруға болмайды. Біз АҚШ тарихында бұрын-соңды болмаған қиындықтармен бетпе-бет тұрмыз» деп сөзін түйіндеді Стефани Сегал.