Өңірдегі өнеркәсіп секторының өкілдері, кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы саласының жетекшілері Елбасының әрбір азаматтың коронавируспен күреске өз үлесін қосуы тиіс деген сөзін дұрыс деп санайды. Олар коронавирусқа қарсы күрес үшін қаражат жинайтын «Қор құру» идеясын сөз жүзінде ғана емес, нақты іс атқарып қолдайды.
Мысалы, «Қазақмыс» ЖШС компаниялар тобының еңбек ұжымдары аталған қорға 400 млн теңге аударды. Сондай-ақ, бұл бастаманы «Шұбаркөл Көмір» АҚ, Абай ауданының «Шанс» пен Бұқар жырау ауданының «Жәке» шаруа қожалықтары, «Шерубай су» ЖШС, «Киров атындағы ӨК» ЖШС және басқа да ірілі-ұсақты компаниялар қолдады.
Қарағанды облысы