Руханият • 21 Наурыз, 2020

Қарағандылықтар мұражайларға онлайн-экскурсия жасай бастады

563 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайдың пәрменімен үйді-үйіне «тығылған» қарағандылықтардың көшеге шықпай-ақ Belsendi Azamat жобасының бірыңғай сайты бойынша азық-түлік, дайын тағам және дәрі-дәрмекті онлайн-режімде сатып ала бастағанын осының алдында хабарлаған болатынбыз.

Қарағандылықтар мұражайларға онлайн-экскурсия жасай бастады

Енді өңір жұртына отбасында отырып іші пыспасын деген мақсатпен облыстың мұражайлары ұйымдастырған онлайн-экскурсияларға ден қойып,  мәдени мұралармен виртуал нұсқада танысу ұсынылды.

Онлайн-өмірге амалсыз мойынсұна бастаған облыс тұрғындары Қарағанды бейнелеу өнері мұражайына, Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайына, Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайына, ҚР Тұңғыш Президентінің Теміртаудағы тарихи-мәдени орталығына және Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына онлайн-экскурсия жасауға мүмкіндік алды.

 Мұражайларға виртуал саяхатты мына сілтемелер бойынша жасауға болады:

Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы - https://youtu.be/AyrAemr_rRY;

Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайы - https://youtu.be/4g71zxIYkVM;

ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығы - temcenter.kz ;

Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы - karlagmuseum.kz  ескерту.

Сонымен қатар, әлемдік әйдік музейлерге онлайн-экскурсия жасағысы облыс халқы мына төмендегі сілтемелер бойынша қалаған мұражайды таңдай алады:

«Третьяковка» және Эрмитаж

Третьяков галереясының және Эрмитаж музейінің ресми сайттарында виртуалды көрмелерге немесе онлайн-экскурсияларға қатысуға болады.

Ван Гог музейі

Амстердам қаласындағы Google street view атқарымы бар Ван Гог музейі: https://bit.ly/2TRdiSQ

Лувр музейі

https://bit.ly/2WciGBi
https://www.louvre.fr/en/media-en-ligne

Мемлекеттік орыс музейі (Санкт-Петербург)

https://bit.ly/2IOQDjq

 Қарағанды облысы