Коронавирус • 21 Наурыз, 2020

Бір күнде 22 мың адам коронавирус жұқтырған

8807 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус жұқтырғандар саны күн санап артып барады. Бүгін, яғни 21 наурызда әлем бойынша 22 мыңнан астам адамнан Covid-19 вирусы табылған.

Бір күнде 22 мың адам коронавирус жұқтырған

Әсіресе, Италиядағы жағдай ушығып тұр. Бір күнде Апеннин түбегінде 6557 адам коронавирус жұқтырған. Осылайша, осы елдегі науқастанғандар саны 53 мыңнан асып кетті. Сондай-ақ Италияда бір күнде 793 адам ажал құшты. Әлемдік пандемия басталғалы мұндай көрсеткіш алғаш рет тіркеліп отыр.

Сонымен қатар Испаниядағы, Франциядағы, Германиядағы, АҚШ-тағы ахуал да көңіл көншітпейді. Аталған елдерде бір күнде науқастанғандар саны екі мыңнан асып кеткен.

Бұған дейін пандемияның негізгі ошағы саналған Иран мен Оңтүстік Кореяда жағдай тұрақталып келеді. Иранда бір күнде 966 адам ауырған. Бұл – кешегі көрсеткіштен біршама аз.

Айта кету керек, қазіргі таңда коронавирус әлемнің 186 мемлекеті мен территориясына таралды. Бүгінге дейін вирус жұқтырғандар саны 297 мыңнан асқан. 12775 адам қаза тапса, 95 мыңға жуығы науқастан құлан-таза айыққан.

Соңғы жаңалықтар