26 Тамыз, 2013

Мамандар өсімдік суғаратын құрылғы ойлап тапты

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы-полив

Алматы қаласындағы «Алатау» инновациялық технологиялар паркінің аумағында «Глобал Грин Индастрис» компаниясының мамандары өсімдікті автоматты түрде суғаратын жаңа құрылғы ойлап тапты. Бұл туралы Kazakн тv хабарлады.

Жаңа құрылғының ерекшелігін «Глобал Грин Индастрис» компаниясының бас директоры Лариса Шевченко айтып берді: «Біздің компания мамандары жасап шығарған су құралы ішінде электронды тензиометр бар. Ол 15 сантиметр тереңдік жерге орнатылады. Оның біреуі 1 гектар жерді суғарады. Бұл жаңа құрал астматикалық қысым негізінде жұмыс істеп, топыраққа судың жіберілу жылдамдығын есептейді әрі автоматты түрде тоқтайды. Сондай-ақ, мұнымен бидай және жеміс ағаштарын да суғаруға болады».

Шет ел компаниясының қызметкерлері осы құралды әлемдік нарыққа шығару туралы ұсыныс айтқан екен. Әзірге оны ойластырып шығарған еліміз мамандары нақты шешімге келген жоқ.

Данияр Түймебай.