27 Тамыз, 2013

Елді елеңдеткен екпе

270 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Екпе-1Соңғы жылдары егу төңірегіндегі әңгіме бірде бәсеңсіп, бірде қайта өршіп, сабасына түсер емес. Бұл мәселе кімнің де болса, алдынан шығары анық. Сондай жағдайда қандай шешім қабылдаған дұрыс? Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің мамандарына құлақ түрсек, олар инфекциялық ауруларға қарсы күресте халықты вакцинациялаудың пайдасы зор дегенді айтады. Қазақстанда вакцинация тиімді бюджеттік бағдарламалардың бірі болып табылады. Жыл сайын осы мақсатқа 12-18 млрд. теңге қаражат бөлінеді екен. Республика бойынша жыл сайын инфекциялық ауруларға қарсы шамамен 5 млн. адам егілсе, оның 1,3 млн.-ы балалар.

Соңғы жылдары егу төңірегіндегі әңгіме бірде бәсеңсіп, бірде қайта өршіп, сабасына түсер емес. Бұл мәселе кімнің де болса, алдынан шығары анық. Сондай жағдайда қандай шешім қабылдаған дұрыс? Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің мамандарына құлақ түрсек, олар инфекциялық ауруларға қарсы күресте халықты вакцинациялаудың пайдасы зор дегенді айтады. Қазақстанда вакцинация тиімді бюджеттік бағдарламалардың бірі болып табылады. Жыл сайын осы мақсатқа 12-18 млрд. теңге қаражат бөлінеді екен. Республика бойынша жыл сайын инфекциялық ауруларға қарсы шамамен 5 млн. адам егілсе, оның 1,3 млн.-ы балалар.

Дәрігерлер екпе жетістіктерінің озық үлгісі ретінде табиғи шешектің жойылғанын, 1977 жылдың қазаны­нан бастап, әлемде шешекпен сыр­қаттанудың ешбір жағдайы тіркел­ме­генін алға тартады. Сол сияқты, соң­ғы жиырма жылда қызылша 59 есеге, қызамық 1300 еседен астам, эпи­де­миялық паротит 160 еседен астам, тұр­ғын­дар арасында «В» вирустық гепатиті 23,7 есеге, ал осы инфекцияға қарсы егу жүргізілетін балалар арасында 52 есеге азайған.

Алайда, көптеген ата-аналар егу мәселесі көтерілсе, әлі күнге азар да безер болады.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 156-шы бабында инфекциялық ауруларға қарсы вакцина салғызу тұрғындар үшін міндетті екені тайға таңба басқандай анық жазылған. Соған қарамастан, егуден бас тартқандарға қысым жасалмайды. Бірақ мұндай шешім қабылдаудың зардаптары түсіндірілуі тиіс.

– Көп жағдайда, балалар балабақшаға немесе мектепке барғанға дейін отбасы мүшелерімен ғана араласатындықтан жұқпалы аурулармен сырқаттану қаупі аздау болады. Ал, басқа балаларға қосылған кезде ұжымда бір бала ауырған жағдайда, егілмеген сәби инфекцияға сезімтал болады, – дейді санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы Ж.Бекшин. – Міне, сондықтан да инфекциялық аурулардың өршуіне жол бермеу мақсатында балалар ұжымдарына (мектеп, балабақша) балалар егу алғаннан кейін ғана жіберілуі тиіс.

Осы арада ата-аналардың вакцинациядан бас тартуына не себеп болып отыр дегенге кішкене тоқтала кетейік. Әрине, ата-аналар вакцинацияға қай кезден бастап күдікпен қарай бастады деген сауалға біз жауап бере алмаймыз. Бірақ, осы соңғы үш жылда вакцинациядан бас тарту оқиғалары жиілеп кеткені шындық. Себебі, Майкрософт компаниясының негізін қалаушы, «Билл және Мелинда Гейтс қорының» басшысы Билл Гейтс 2010 жылы Калифорнияда бір мәжілісте атышулы мәлімдеме жасаған болатын. Онда евгениканы (адамдардың сапалыларын сұрыптау ғылымы) қолдайтын бай «бүгінде әлемде 6,8 миллиард адам бар. Бұл 9 миллиардқа дейін өседі. Енді біз репродуктивті денсаулық сақтау және жаңа вакциналар бойынша шын мәнінде үлкен жұмыс істейтін болсақ, біз халық санын 10 немесе 15 пайызға дейін қысқарта аламыз», – деп ашық түрде жариялаған. Міне, содан бастап, бүкіл интернет құралдарында вакцинацияға қарсы, оның зиянды жақтарын жан-жақты талдаған мақалалар, ақпараттар көбейіп кеткен еді. Көзі ашық ата-аналардың жоғарыдағы мәлімдемеден кейін «шынында да мектепке дейін бір балаға 14 рет егу жасату деген не сұмдық, ол вакциналар нәрестенің иммунитетін көтерудің орнына, әлсіретіп жіберуі мүмкін ғой» деген ойларға берілгені анық. Өйткені, біз қазір қандай вакцина салса да, мыңқ ете алмайтын кеңес өкіметінде емес, тәуелсіз, демократиялық ашық қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Мұнда ақпарат та көп. Сондықтан егу мәселесіне келгенде елеңдеп тұратынымыз рас.

Әрине, вакцина мәселесіне келгенде әлі бір тұрақты шешімге келе алмауымыз қынжылтарлық жай. Өйткені, оның пайдасы қандай, зияны не дегенді дәрігерлердің өздері де толық білмейді. Айтса да, жетістігін қозғап, кемістігіне тоқталмайды. Осы жай қашанға дейін созылар екен?!