Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

«Халифа Алтай» мешітінде бетперде тігілуде  

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық тұрмысы төмен отбасыларға жіберіледі.

«Халифа Алтай» мешітінде бетперде тігілуде   

Әлемге жайылған короновирус індетінің алдын алу және тұрғындарды сақтандыру мақсатында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі игілікті іске кірісті.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде бетперде тігетін тігін цехы іске қосылды. Осынау салауатты іске өңірдің 20-дан астам ерікті қыз-келіншектері атсалысып, бетперде тігіп жатыр. «Бетперде тігу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бір тігінші 40-50 шамасында маска тігеді. Даяр болған бетперделер «Жүрек жылуы» акциясының аясында елордалық тұрмысы төмен отбасыларға жіберіледі. Бұл сауапты іске атсалысушылар саны күн санап артып келеді» дейді ұйымдастырушылар.

Өкілдік бұл жұмысты үздіксіз жалғастырып, болашақта өңір тұрғындарын тегін бетпердемен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Тігіншілерге мешіт тарапынан 2 мезгілдік ас-су ұйымдастырылып, бетпердеге қажетті мата, тағы басқа да заттар беріліп отыр.

 

ӨСКЕМЕН