27 Тамыз, 2013

Құс өсіру қарқын алды

419 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Соңғы 5 жылда Алматы облысында индустриялық тұрғыда дамытуда тұрақтылық сақталып,   өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,7 есеге, яғни 300 млрд. теңгеден 500 млрд. теңгеге дейін өсті. Былтыр өңдеу өнеркәсібінің көлемі жалпы өндіріс көлеміне шаққанда 83%-ды құрап, рес­публика бойынша 2-орынға көтерілсе, ішкі аймақтық өнім құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 17,4% орындалды.           

 

Соңғы 5 жылда Алматы облысында индустриялық тұрғыда дамытуда тұрақтылық сақталып,   өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,7 есеге, яғни 300 млрд. теңгеден 500 млрд. теңгеге дейін өсті. Былтыр өңдеу өнеркәсібінің көлемі жалпы өндіріс көлеміне шаққанда 83%-ды құрап, рес­публика бойынша 2-орынға көтерілсе, ішкі аймақтық өнім құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 17,4% орындалды.           

Сөйтіп, инновациялық қарқын деңгейі арғы жылғы көрсеткіштен 2,3 есеге артты. Жалпы алғанда, 5 жылда тартылған инвестиция көлемі 393 млрд. теңгеге жетті. Тұрақты өсу қарқыны ағымдағы жылы да сақталып, 6 айдың қорытындысы бойынша ішкі аймақтық өнім құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 19,3%-ға орындалса, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 106,7%-ды, мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық қамту деңгейі 86,8%-ды құрап, 14,6 сатыға жоғарылады. Тұтастай алғанда, Жетісу жерінде құс шаруашылығы кластерінің дамуы қарқын алуда. Индустрияландыру картасы аясында «Алатау Құс» ЖШС құс фабрикасының, үш соя өңдеу зауытының және жем қоспаларын шығару зауытының құрылысы заңнама талабына сай жасалған жоба бойынша жүзеге асырылды. Сонымен қатар, 2014 жылы Талғар және Жамбыл аудандарында тағы 2 құс фабрикасын іске қосу жос­парлануда. Бұл қуанарлық жайт. Өйткені, шикізат шығарумен шектелмей, оны қайта өңдеп уақыт талабына сай халықтың пайдалануына ұсыну, мүмкіндігінше экспортқа шығару көп еңбекті қажет етеді. Сөйтіп жүздеген жұмыс орындары ашылып, тұрғылықты халық жұмыспен қамтылады. Осының барлығын үйлестіріп отырған   билік екені анық. Нақтылай түссек, мемлекеттік саясатқа сай Алматы облысында кәсіпкерлікті дамытуға жарқын жол ашылғандығының бір дәлелі емес пе?! Біле-білсек, инвес­тиция тарту оңай жұмыс емес. Бұл ретте «Алатау құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысын мысалға келтіруге болады. Негізгі әрекеті құс етін өндіру болып табылатын өндіріс орнына 20314 млн. теңге заемдық қаражат және 500,2 млн. теңге меншіктік қаражат тартылып, 2012 жылы қыркүйек айында іске қосылды. Бүгінде 720 адам жұмыс істейді. Өндіріс орнының қуаттылығы 3500 млн. теңге болады деп жоспарланып, ол меже 100 пайызға орындалып отырғаны тағы бар. Қорыта айтқанда, индус­трияландыру игілігін ел көріп һәм сол өндіріс орнында еңбек етіп, нәпәқаларын табуда.

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.