Жартылай қорғаушы 2017 жылғы 8 шілдеде «Аякс» пен германиялық «Вердер» клубы арасындағы матч кезінде жүрегі сыр берген болатын. Нәтижесінде миына қан құйылып, есінен танып қалған еді.
Кейінірек «Аякс» басшылары ойын барысында клуб дәрігері футболшыға дұрыс көмек көрсетілмегенін мойындап, оны жұмыстан босатты.
Ағасы Абдрахимнің айтуынша, Абделхак өз-өзіне келе бастаған. Әйтсе де, 22 жастағы футболшы әзірге көзін ғана қимылдата алады.