28 Тамыз, 2013

«Ғайни» – ғашықтық әні

950 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

2005 жылы 9 қарашада елордадағы Назарбаев орталығында, Астана қаласы Мемлекеттік филармониясы ұйымдастырған «Серкесі серіліктің – Сегіз сері» деген ән кеші өткізілді. Іс-шара ел қорғаны – батыр, ақын, әрі әнші-сазгер Мұхамедқанапия Баһрамұлы Шақшақовтың шығармашылығына арналған еді. Халық көп жиналды. Кешке арнайы шақырылған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, композитор Жоламан Тұрсынбаев пен жазушы Рахымжан Отарбаев қатысты. Кеш өткен 2005 жылы Сегіз сері туралы даудың өршіп тұрған кезі болатын.

81723694 music

КайыржанАвтор туралы анықтама

Қайыржан МАҚАНОВ 1940 жылы Қостанай облысының Амангелді кентінде дүниеге келген. Алматы консерваториясын бітірген. А.Жұбанов, Л.Хамиди, Х.Тастанов, П.Аравин, Б.Ерзакович сынды өнер қайраткерлерінен дәріс алған. Ө.Жәнібеков ұйымдастырған фольклорлық «Шертер» ансамблінің тұңғыш көркемдік жетекшісі. Атырау облыстық филармониясының «Атырау-Жайық» эстрадалық ансамблінде жұмыс істеді. Торғай облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі және директоры қызметтерін атқарды. 1994 жылы Ақмолада Қалибек Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының бас дирижері, 1998-2006 жылдары Қазақ ұлттық музыка академиясында ұстаздық қызмет атқарды. Қазір Астана қаласының мемлекеттік филармониясында өнер зерттеуші – лектор.

_____________________________________________________________

2005 жылы 9 қарашада елордадағы Назарбаев орталығында, Астана қаласы Мемлекеттік филармониясы ұйымдастырған «Серкесі серіліктің – Сегіз сері» деген ән кеші өткізілді. Іс-шара ел қорғаны – батыр, ақын, әрі әнші-сазгер Мұхамедқанапия Баһрамұлы Шақшақовтың шығармашылығына арналған еді. Халық көп жиналды. Кешке арнайы шақырылған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, композитор Жоламан Тұрсынбаев пен жазушы Рахымжан Отарбаев қатысты. Кеш өткен 2005 жылы Сегіз сері туралы даудың өршіп тұрған кезі болатын. Сегіз хақында қалам тартқандардың көпшілігі Сегіз өмірде болған, ол ақын-сазгер, әнші-балуан десе, бәзбіреулер Сегіз деген өмірде болмаған, аңыз адам, деп өзеуреген. Дәлелі қайсы? Дәлелі – «Айттым-бітті!»...Ал, Р.Отарбаев Сегіздің ерлігін, дарындылығын, батырлығын, Исатай-Махамбет көтерілісіне өз тобымен келіп қосылғандығын нақты құжаттар арқылы дәлелдеп, баспа бетіне материалдар жариялаған. (Р.Отарбаев. «Сегіз сері өмірінен» «ҚӘ» 20.09.1991., Р.Отарбаев «Махамбет пен Баймағамбет өлімі» «Парасат» №11, 1990., Р.Отарбаев, М.Құлкенов «Жәңгір хан» «Өлке» баспасы, 1992 ж.) Кеш соңында әнші Секен Сыздықов Сегіздің «Ғайни» әнін нәшіне келтіре орындағаннан кейін, сценарий авторы және жүргізушісі осы жолдардың авторы сахнаға Рахымжан Отарбаевты шақырып Сегіз сері жайында өз пікірін айтуды сұрады. Жазушы «Сегіз сері өмірде болған аса ірі тұлға. Ол әнші-сазгер, балуан ғана емес, саят­шы мерген әрі батыр болған. Оның сарбазда­рын ертіп Кіші жүзге, Исатай-Махамбетке келіп қосылуы бұлтартпас шындық. Оған деректер де жеткілікті. Менің бүгінгі айтайын дегенім, қазір Атырау қаласында Сайын Қуанышев деген досым тұрады. Ол бүгінгі күні Атыраудағы үлкен санаторийдің директоры – бас дәрігері. Оқыған-тоқығаны мол, ақжарқын да адал, іскер жігіт. Сайынның Нәбира деген әжесі болды. Әңгіменің майын тамызатын. Оның құдай қосқан қосағы Қуаныш Исатай-Махамбет көтерілісінің хас батыры Қалдыбайұлы Қабыланбайдың Лұқпан деген баласынан туған немересі екен. Нәбира әжеміз сол Қалдыбай батырдың «Сен тұр, мен атайын» дегендей, он ұлы мен Ғайни атты ақылды, асқан сұлу қызы болғанын, оған арқадан келген Сегіз сері деген керемет өнерлі жігіт ғашық болып, «Ғайни» атты тамаша ән шығарғанын және Ғайнидың ата-анасы мен ағаларына арнап ұзақ өлең шығарғанын абысындарымыздан естуші едік», деп бізге айтып отыратын. Сегіз серінің Кіші жүздегі ерліктерін әжеміз жиі еске алатын», деп Рекең де сөзін тәмәмдады.

Бұл оқиға біздер үшін аса жағымды жаңалық болды. Жазушыдан Сайын досының телефон номерін алып, сөйлесіп, хабарласып тұрдық...

Енді, айтар сөзіміздің негізгі кейіпкерлері 1836-1838 жылдары Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатынасқан, үлкен ерліктер жасап елінің есінде қалған ерлері болғандықтан, біржарым ғасырдан астам уақытқа шегініс жасап, әңгімемізді сол кезеңнен бастасақ деп отырмыз. Бұқара халық арасындағы бұл қатты толқынысқа 7000-нан астам сарбаз қатынасқ